Аю туралы қызықты мәліметтер
Аю – аңдардың ішіндегі ең мықты жыртқыштардың бірі. Қазіргі уақытта жер бетінде олардың 8 түрі бар. Төменде аюлар туралы сіз білмейтін деректер жинағын ұсынамыз.
Аю жайлы 25 қызықты мәлімет
- Ақ аюдың асқазаны өте үлкен. Оған шамамен 70 кг ет сияды!
- Аю – өсімдіктермен қоректенетін жалғыз жыртқыш аң.
- Жер бетіндегі аюлардың 2/3 бөлігі Солтүстік Америкада мекендейді.
- Барлық аюлардың жүні 2 қабаттан тұрады. Біреуі жылу беру үшін, екіншісі судан қорғайды.
- Жаңа туған қоңыр аюдың салмағы – жарты килограмм ғана. Бірақ жетілу кезінде, оның массасы 1000 есе көбейеді.
- Олардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 30 жыл.
- Әлемдегі ең үлкен аю – полярлық. Оның салмағы 500 кг, ал бойы 3,5 метрға дейін жетеді.
- 2008 жылы Канадада, гризли аюының шабуылынан аман қалған бір адам бар. Ол жерге жатып, өлгендей болып көрінді, сол себептен аю оған тиіспеді.
- Баяу жануарға ұқсағанымен, олардың қысқа қашықтыққа жүгірудегі жылдамдығы – 55 км/с.
- Шын мәнінде, олар адамға өте сирек жағдайда шабуыл жасайды.
- Иіс сезімі адамға қарағанда 100 есе артық.
- Аюлар – 5-6 миллион жыл бұрын пайда болды.
- Ең үкен аңның салмағы – 1002 кг болған. Оны 1960 жылы Аляскада атып өлтірді.
- Қысқы ұйқы кезінде, ол өзінің 30-50% салмағынан айырылады.
- Бұл жыртқыш аңдардың ең жақын туыстары: қасқырлар, түлкілер және иттер.
- Ақ аю суда жақсы жүзиді. 700 км қашықтықты жүзіп өту, ол үшін қиындық тудырмайды.
- Ақ аю – 2,5 метрге дейін секіре алады.
- Аюдың азайып келе жатқаны үшін, оның кейбір түрлері Халықаралық қызыл кітапқа енгізілді.
- Панданың қолында алты саусақ бар.
- Гризли аюының бір соққысы адамды өлімге әкелуі мүмкін.
- Олар Африка, Австралия және Антарктика құрлықтарын мекендемейді.
- Шығыс Азияның кейбір елдерінде, аю қасиетті жануар болып саналады.
- Аю – Берлин қаласының символы.
- Жүрегі 1 минутта 40 рет соғады.
- Ересек панда бір отырғаннан, 20 килограмм бакбукты жеп қоя алады.
Рахмет көп көп👍👍👍
Жақсы болды мен енді тек қана осы жерден мәліметтер іздеймін әйтпесе басқалардан қарасам ұзақ ал мына жерде қысқа болсада бәрін түсінем көп рахмет