Сызғыш қалай пайда болды?

Әрбір мектеп оқушысының сөмкесін ашып қарасаңыз, көптеген кеңсе құралдарын көресіз. Олардың ішінде міндетті түрде сызғыш болады. Оның пайда болу тарихы қандай?

.jpg

Сызғышқа ұқсас зат, Ежелгі Помпейде табылды. Оның түрі: бөлімдерден тұратын түзу тақтай болатын. Ғалымдардың айтуынша,  бұл геометриялық құралдың көмегімен ежелгі сәулетшілер өз жобаларын жасаған.

Біз пайдаланатын сызғыштар – француз революциясынан кейін пайда болды. Құрылғыға белгілі бір шаманы орнату үшін,  Парижден өтетін географиялық меридиан қолданылды. Осы меридианның 40 миллионыншы бөлігі – 1 сантиметрге тең болды. Ал, сантиметрдің оннан бір бөлігі – миллиметр деп аталды.

Нәтижесінде, ені – 25 миллиметр, ал ұзындығы – 1 метр сызғыш жасалды. Ол «республикалық метр» деген атауға ие болды. Алғашқыда, сызғыштармен тек ғалымдар ғана жұмыс жасайтын, мектептерге 19 ғасырдың басында енгізілді.