Ғарыш туралы қызықты мәліметтер
Ғарыш қаншалықты үлкен екенін елестету өте қиын. Біз Әлемнің кішкене ғана бөлігін байқай аламыз, ал Жер – бұл үлкен кеңістіктегі кішігірім нүкте. Космос туралы деректермен таныс болыңыз.
Ғарыш жайлы 20 мәлімет
- Ғарышта еш дыбыс естілмейді, өйткені дыбыс толқындарын тарататын ауа жоқ.
- Жер – әрбір минут сайын, 19,3 мың шақырымға жылжиды.
- Қарапайым автокөлікпен Күнге жету үшін, 212 жылдан астам уақыт керек.
- Венерада бір тәулік уақыт 224 күнді құрайды.
- Біздің планетамызды ғарыштан өз көзімен, тек 24 адам ғана көрді.
- Плутон – күн жүйесіндегі ең суық планета. Онда температура -2000С-ге дейін төмендейді.
- 2030 жылға қарай Айда, қала салу жоспарланып отыр.
- Айдын бетінде аяқтын ізін қалдыратын болсаңыз, ол із мәңгілік сақталып қалады.
- Көлемі бойынша Күн Жерден 1,3 миллион есе үлкен.
- Күн жүйесінің жасы шамамен 4,6 миллиард жыл. Ғалымдар ол тағы 5 000 миллион жыл өмір сүретінін болжайды.
- 1957 жылы ғарышқа ұшқан алғашқы иттін аты – Лайка. Ит – ауа жетіспегендіктен қайтыс болды.
- Күн жүйесі массасының 99% – ын Күн құрайды.
- Жыл сайын біздің Галактикамызда, қырық жаңа жұлдыз пайда болады.
- Ғарышқа бірінші болып ұшқан әйел – Валентина Терешкова.
- Біздің күн жүйемізде Жерге ұқсайтын дене бар. Ол Титан деп аталады және ол Сатурн планетасының серігі. Онда да өзендер, теңіздер, вулкандар және тығыз атмосфера бар.
- Әлемде 100 миллиардтан астам галактика бар, сондықтан ғарыш кеңістігінде адамдар жалғыз емес екендігіне сенімдіміз.
- Марс планетасының гравитациялық өрісінін төмен болғандығынан, Жер бетінде салмағы 100 кг адам, Марста 38 кг болады.
- «Астронавт» термині Ежелгі Грекиядан келді, астро – «жұлдыз», «навт» – теңізші дегенді білдіреді.
- Венерада күн батыстан шығып, шығыста батады.
- Жердің барлық жағалауларындағы құмынан гөрі, ғаламдағы жұлдыздардын саны көп.
Ұқсас: Су туралы қызықты мәліметтер
Сондай жақсы мәлімет
Бұл тестта бар
Иә бар
нармас
Жок мен мынаны білем кызык емес
қызық емес оданда жақсысы керек