Жүрек туралы қызықты мәліметтер

Жүрек – ағзадағы ең маңызды орган екенін білеміз. Бұл мүше туралы, көпшілік білмейтін ең қызықты деректерді ұсынамыз.

.jpg

Ұқсас: Қан туралы қызықты мәліметтер

Жүрек жайлы 20 мәлімет

  1. Жүрек күніне 100 мың рет тоқтаусыз соғады.
  2. Адамның ағзасындағы ең көп жұмыс атқаратын мүше – жүрек.
  3. Түшкіру кезінде, адамның жүрегінің соғуы тоқтап тұрады.
  4. Жүректің күнделікті беретін қуатына, автокөлікпен 32 километр жол жүруге болады.
  5. Әйелдердің жүрегі, еркектерге қарағанда тез ұрады.
  6. Жүректің көлемін білгіңіз келсе, екі жұдырықты біріктіріңіз, бұл – сіздің жүрегіңіздің өлшемі. Оның салмағы орташа есеппен алғанда 280 грамм.
  7. Адамның жүрегі – дененің дәл сол жағында емес. Шын мәнінде, ол кеуденің ортасына қарай орналасады.
  8. Дәрігерлер – жыныстық қатынас жүрекке пайдалы әсерін тигізеді деген мәлімдеме жасады.
  9. Жүректің ісігі (рак сердца) – өте сирек кездесетін ауру.
  10. Адамның оң жақ қолындағы қан қысымы, сол жақ қолдан жоғары.
  11. Ол өздігінен электрлік импульстар шығара алады, сол себептен оны адамның денесінен бөліп тастаса, ол біраз уақыт бойы соғып тұрады.
  12. Жүрек 75 триллион жасушаны қанмен қамтамасыз етеді. Қан тек қана көзге жеткізілмейді.
  13. Қанның 5%-ы жүрекке, 15-20% миға, ал 22%-ы бүйрекке беріледі.
  14. Статистика бойынша, инфарк ең жиі болатын күн – дүйсенбі екен.
  15. Адамзат тарихында, жүректің ауруынан қайтыс болған адамдардың саны, барлық соғыстарда қаза болған адамдардың санынан көп.
  16. Әлемдегі ең үлкен жүрек көк китте, оның салмағы 680 килограмм.
  17. 1967 жылы 3 желтоқсанда Христиан Барнард есімді хирург, алғашқы болып, донорлық жүректі Луи Вашанның денесіне салды. Ол бұл жүрекпен 18 күн өмір сүрді.
  18. Жүректің жұмысын жақсартудың ең керемет жолы – күлкі!
  19. Эмбрионның жүрегі, жүктіліктің 4-ші аптасынан бастап соғады.
  20. Стетоскопты – француз дәрігері Рене Лаэннек ойлап тапты.

Ұқсас: Су туралы қызықты мәліметтер