Жылқы туралы қызықты мәліметтер
Жылқы — жиырма үш ұлттың қасиетті жануары. Қазақтар бұл жануарды қатты құрметтейді. Ат туралы қандай фактілер бар?
Жылқы жайлы 20 мәлімет
- Жылқыны бірінші болып, б.з.д. 5000 ж. Азияның көшпелі халықтары қолданды.
- Аттың көзінің радиусы — өте үлкен. Ол тіпті басын бұрмай, артында тұрған барлық нәрсені көре алады.
- Әлемдегі ең қымбат жылқы — Шариф биші. Ол араб шейхіне 40 миллион долларға сатылды.
- Жылқы күніне кемінде 25 литр су ішеді.
- Әлемдегі ең үлкен және ауыр аттын есімі Сэмпсон, оның салмағы 1,52 тонна.
- Жылдамдық рекорды Мексиканың айғыры Бех Ракитке тиесілі (69,6 км/с).
- Олар адамның дауысындағы эмоцияларды байқай алады.
- Аңыз бойынша Ескендір Зұлқарнайынды (Александр Македонский), Буцефал есімді аты 9 рет өлімнен аман алып қалған. Ал шайқас кезінде қайтыс болған соң, оның есімімен қаланы атаған.
- Аттарға ұйықтау үшін тәугініне 4 сағат жетеді.
- Әлем бойынша жылқының шамамен 160 тұқымы бар. Араб аттары — ең қымбат.
- Жылқының тістері: олардың жасын және денсаулығын анықтайтын құрал.
- Австралияда археологиялық қазба кезінде жылқы сүйектері табылған жоқ. Бұл материкке олар 18 ғасырда әкелінді.
- Жылқылар шамамен 25-30 жыл өмір сүреді. Англияда дүниеге келген «Кәрі Билли» есімді ат, 62 жыл өмір сүрді деген ақпарат бар.
- Жылқыларда бес сезім органы өте жақсы дамыған: есту, көру, иіс сезу, дәм тату, сезім түйсігі.
- Жауға қарсы қолданатын ең күрделі әдісі — тұяқтың соққысы. Бұл соққы адамды өлімге әкелуі мүмкін.
- Африка тайпаларының сенімі бойынша, аттын тұяғынан мерт болған адам, бірден жұмаққа түседі.
- Жердегі жануарлардың барлығының арасында, ең үлкен көздер жылқыда.
- Құлын туылғаннан кейін, бірнеше сағаттан соң жүгіре алады.
- Аттын сүйектері адамнан 18 сүйекке артық.
- Жылқылар аузымен дем ала алмайды, сондықтан мұрны жабық болса, олар тұңшығып қалады.