Жастар қылмысына не себеп?

Кәмелетке толмаған азаматтардың арасында қылмыскерлер көбейіп келеді. Бұл — қазіргі замандағы ең өзекті проблемалардың бірі, ол құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ғана емес, жалпы қоғамды уайымдатып отыр. Негізгі себептерге — жастардың жұмыссыздығы мен болашаққа деген сенімсіздігін жатқызады. Осы жағдаймен күресу үшін, жастарды құқық бұзушылыққа немесе қылмысқа итермелейтін себептерді анықтау керек.

.png

Отбасылық жағдайы

Жастар арасындағы қылмыстың ең басты себебі, нашар отбасылық жағдай. Мамандардың пікірінше, қылмыс жасаған адамдардың көбісі, бала кезінде ата-анасының қатыгездігінен зардап шеккен. Баланы ұрып-соғу, қорлау, тамақтандырмау және үйде қуып жіберу — қылмысқа әкелетін фактордардың қатарына жатады. Әсіресе, мұндай жағдайға, алкогольдік ішімдікке тәуелді, маскүнем отбасыда тәрбиеленетін жасөспірімдер жиі тап болады. Әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларда, әке-шешесі өз балаларын қажетті заттармен қамтамасыз ете алмайды. Егер, ол адамдарға  көмек жасалмаса, бұл ұрлық немесе бұзақылық жасауға түрткі болуы мүмкін.

Ересектердің арандатушылығы

Жасөспірімдер үлкендердің әсерінен көптеген қылмыс жасайтыны белгілі. Мұндай азғырушылар, кәмелет жасқа толмаған жастарды кез-келген жолмен өздеріне тәуелді етуге тырысады, оларды жалған романтикаға итермелеп, есірткімен және алкогольмен бүлдіреді. Жастар бұл қылмыстық топтардың көшбасшыларына еліктеп, сыртқы келбетімен және мінез-құлқымен оларға ұқсас болуға тырысады.

Тағы да басқа себептер:

  1. жақын ортаның теріс әсері;
  2. қылмысты қызығушылық үшін жасау. Бір рет жазасыздықты сезінген жасөспірім, бұдан былай тоқтай алмайды;
  3. білім беру мекемелерінің оқушылардың мінез-құлқына, уақыт өткізуіне немқұрайлы қарауы;
  4. жасөспірімнің психологиялық ерекшелігі. Ол өзінің маңыздылығын сезінгісі келіп, ересектердің бақылауынан арылуға тырысады. Өз тәуелсіздігін дәлелдеу мақсатында — темекі шегуге және алкогольдік ішімдіктер ішуге көшеді;
  5. хоббиі жоқ, секцияларға бармайтын және көп уақытын көшеде достарымен бірге өткізетін жастар, қылмыс жасауға бейім болады;
  6. мектептердегі тәрбие жұмысының төмен деңгейі;
  7. жастарды жұмыспен қамту жүйесінің күйреуі.

Ұқсас: Әлеуметтік желілер жастарға қалай әсер етеді?