Жапония туралы қызықты мәліметтер
Жапония — бірегей мемлекет. Көптеген адамдарға ол дамыған нанотехнологияларымен таныс. Біз «күншығыс елі» туралы ең қызықты деректер жинадық.
Жапония елі жайлы 30 қызықты мәлімет
- Жапондықтар — өте еңбекқор. Олар үзіліссіз, тәулігіне 15-18 сағат жұмыс істей алады.
- Бұл елде дәлме-дәл уақытында жұмыста болу ұят болып саналады. Сіз кем дегенде жарты сағат бұрын келуіңіз керек.
- Жапондықтар үшін қисық тіс — сұлулықтың белгісі.
- Валентин күні, сыйлықтарды тек қана қыздар сыйлайды.
- Жылына шамамен 1500 жер сілкінісі болады.
- Оқу жылы 1 сәуірден басталады.
- Тамақтану кезінде міндетті түрде oishii (дәмді) деген сөзді айтады.
- Жапония көшелерінде қоқыс жәшіктерін көре алмайсыз. Өйткені, олар барлық қоқыстарын өздерінің үйлеріне алып кетеді.
- 4 саны сәтсіз болып саналады. Мектептерде, ауруханаларда және басқа да мекемелерде ешқашан бұл нөмірді кездестірмейсіз.
- Жастар 30 жастан кейін ғана үйленеді, ал әйелдердің бала тууының орташа жасы 34.
- Жапониядағы адамдар өте адал. Егер сіз әмиянді жоғалтып алсаңыз, 90 пайыз жағдайда сізге оны қайтарып береді.
- Ер адамдарға әрқашан бірінші болып қызмет көрсетіледі. Дүкендерде алдымен еркекпен сәлемдеседі.
- Мұнда көптеген жекпе-жек өнерлері ойлап табылды: каратэ, дзюдо, айкидо және тағы басқалар.
- Жапон тіліндегі ең жаман сөз — «ақымақ».
- Жасы 100 жылдан асқан, 50 мың адам тұрады.
- Жапонияда официант ретінде маймылдар жұмыс істейтін мейрамхана бар.
- Жапонияда дельфиндарды жейді.
- Жапония — империя атағын ресми түрде сақтап қалған соңғы ел.
- Халықтың 98,4%-ы этникалық жапондықтар болып табылады.
- Жапон халқы өмір сүру ұзақтығы бойынша көшбасшылардың бірі.
- Жапония еліндегі ең танымал спорт түрі — бейсбол.
- Бұл ел әлемде өзіне-өзі қол жұмсаудан ең алдыңғы орындарда.
- Токио қаласы — әлемнің ең қауіпсіз мегаполисі.
- Шай — жапондардың ең сүйікті сусыны.
- Жапон отбасыларында ағасы мен қарындасының сөйлеспеуі, қалыпты жағдай.
- Қызды жігіті тастап кетсе, шашын кесіп тастайды.
- Жапон конституциясының тоғызыншы бабына сәйкес, мемлекетке соғыстарға қатысуға тыйым салынған.
- Балаларға қарағанда үй жануарлары көп. Олардың саны 19,8 миллионға жетті, ал балалар саны 15,9 миллион.
- Жапонияның ұялы телефондарының 90 пайызы су өткізбейді. Өйткені, жастар оларды тіпті душта қолданғанады.
- Жапондар жұмыс кезінде ұйықтайды. Бастықтары бұған қарсылық білдірмейді.
Кандай кызыкты малиметтер бар?
Қазақстан туралы қызықты мәліметтер шығарыңызшы