Жануарлардың саны неге азайып бара жатыр?

Әлемде сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың, қосмекенділердің және бауырымен жорғалаушылардың саны – соңғы жарты ғасырда 60%-ға азайды. Егер осы үрдіс ары қарай жалғаса берсе, онда бұл көрсеткіш 70%-ға жетеді.

Жер бетінде шамамен тірі организмдердің 2 миллиард түрі бар. Алдағы онжылдықта олардың миллионына қауіп төніп тұр. Ғалымдардың айтуынша, жануарлардың көптеген түрлері бұрын-соңды болмаған қарқынмен жойылып жатыр. Осы құбылыстың себептері – адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты десек, қателеспейміз. Бұл жағдай – экожүйеге тікелей әсер етіп, таза ауаның, судың және тамақтың тапшылығына әкелуі мүмкін. Сондықтан, қазіргі уақытта күллі адамзаттың өміріне қауіп төңіп тұр.

Жануарлардың азаю себептері

Ормандарды кесу, тыңайған жерлерді жырту, сулардың ағының өзгерту, су қоймаларын құру және т.б. себептердің салдарынан жануарлардың тіршілік ету ортасы бұзылып, олардың көбеюіне кедергі келтіріледі. Себебі, тірі организмдердің көпшілігі белгілі бір аймақта өмір сүруге бейімделген, олар сол жерде қоректеніп, популяциясын кеңейтеді.

Адамзат өзінің тарихының алғашқы кезеңдерінен бастап, аң аулай бастағаны белгілі. Алайда, қазіргі заманда түрлердің жойылу қарқыны күрт өсіп, жануар түрлерінің өздігінен пайда болу жылдамдығы олардың жойылу жылдамдығынан ондаған, тіпті жүздеген есе төмен.

Қоршаған ортаның ластану негізгі себептердің қатарына жатады. Өңдірістік қалдықтар – көлдерде, теңіздерде және мұхиттарда өмір сүретін балықтардың санын азайтып жатыр.

Ұқсас: Табиғат, экология туралы эссе