Ұстаздар күніне арналған тілектер

t

Құттықтау сөздер

Ұстаздар күні құтты болсын! Сіз менің екінші анамсыз. Бізге оқуды және жазуды үйреткеніңіз үшін алғыс білдіремін. Осы сыныптағы оқушылар сізді мақтан тұтады және осындай сынып жетекші болғанына өте қуанышты! Әлемнің жеті кереметі емес, сегіз кереметі бар. Сегізінші керемет – ол сіз!


Сүйікті ұстазымыз! Кәсіби мерекеңізбен құттықтаймыз! Осы мамандықты таңдағаңыныз үшін көп рахмет! Оқушыларды әрдайым қорғайтын, тыңдайтын және дұрыс кеңес беретін мейірімді жансыз. Тентек істеріміз үшін кешірім сұраймыз. Денсаулығыңыз мықты болсын! Ешқашан шаршамаңыз және еңбегіңіздің жемісін көріңіз!


Құрметті ұстаз! Мұғалім болу оңай емес, сондықтан сізге зор денсаулық пен шыдамдылық тілеймін. Оқушылардың ата-аналары, балаларын білім жолына кім әкелгенін әрқашан есте сақтауы керек. Сіз маған көп нәрсе үйреттіңіз, сол үшін айтатын алғысым шексіз. Сізге бақыт, сәттілік және ұзақ өмір тілеймін!


Мұғалімдер өз өмірін, бейтаныс адамдардың балаларына арнап, олардың жетістіктеріне қуанады. Мұны ерлік деп айтуға болады, өкінішке орай, бұл үшін медаль берілмейді. Бірақ, оқушылардың  ризашылығы мен ата-аналардың алғысын алады. Біз сізді құрметтейміз және жақсы көреміз. Ұстаздар күні құтты болсын! Жұмысыңыз үшін үлкен және лайықты жалақы алуыңызға тілектеспіз!


Сіздің жұмысыңыз – жер бетіндегі ең маңызды мамандықтардың бірі. Мұғалім баланың тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер етеді, сондықтан, қоғамның болашағы ұстаздардың қолында деп айтуға болады. Сіз керемет мұғалім ғана емес, сонымен қатар жауапкершілігі мол адамсыз. Бұған бірнеше рет көз жеткіздік. Сіздің таусылмайтын энергияңыз, бізге жақсы көңіл-күй мен қуат береді. Беріп жатқан біліміңіз үшін алғыс білдіргіміз келеді. Аллаһ тағала, дүниедегі ең жақсы нәрселерді сізге нәсіп етсін!

Ұқсас: Менің ұстазым (эссе)