Ұшықты қалай кетіруге болады?

Ұшық немесе герпес — жасырын түрде әлемде 85% адамда кездеседі. Иммунитет төмендеген кезде, ол адамның ернінен жара тәріздес болып сыртқа шығады. Оны қалай тез емдеуге болады?

lips-3141753_640

Қазіргі уақытта, адамның ағзасынан герпес вирусын толығымен жоя алатын арнайы терапия жоқ. Дәрігер жазып берген препараттар, тек вирустың одан әрі көбеюіне жол бермейді. Сонымен қатар, ұшықты емдеу үшін жақпа май және С витамині қолданылады.

Емдеу жолдары

  • Алғашқы белгілері пайда болған кезде, қолыңызда бар  антисептикпен емдеңіз. Бактерицидтік әсері бар препараттар жараларды зарарсыздандырады және оның тез жазылуына әсер етеді.
  • Герпесті жұқтырған адамдар үшін ең тиімді дәрілер — бұл ацикловир, фамцикловир және валацикловир сияқты вирусқа қарсы препараттар. Олар жағымсыз симтомдарды жеңілдетеді.
  • 125 см суға, 1 қасық сода қосып, қайнатыңыз. Ерітінді қайнағаннан кейін, оны мақта тампонына матырып, ұшық шыққан жерге жағыңыз.
  • Календула шырыны мен вазелинді араластырып, күніне 4-5 рет жағып отырған көмектеседі. Бұл әдіс — микробтарды жояды және қабынудың кетуін жылдамдатады.
  • 1 стақан судың ішіне, 1 қасық тұз салыңыз. Оған селдір матаны (марля) матырып, жараланған жерді күніне 4 рет сүртуіңізге болады.
  • Ұшықтардың таралуын алоэ шырыны тоқтатады. Оның жапырағын кесіп алып, жараланған аймаққа басып отырыңыз.
  • Сондай-ақ, тіс пастасын да қодануға болады. Ол қабынуды азайтады және микробтарды өлтіреді.
  • Жараны лас қолмен ұстамаңыз және косметиканы қолданбаңыз! Қосымша микробтар қабынуды одан сайын күшейтеді.

Алдын алу

Ұшық пайда болмау үшін: салауатты өмір салтын жүргізу, ағзаның жалпы иммунитетін көтеру, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, физикалық жаттығулар жасау, жаман әдеттерден бас тарту, суық тиюден қорғану және күйзелістен аулақ болу керек.