Үкі туралы мәлімет

Үкі – көптеген аңыздар мен ертегілердің кейіпкері. Бұл жыртқыш құстар әсіресе түңгілік уақытта тіршілік етеді. Олар жайлы тағы не білеміз?

.jpg

Үкінің пайдасы

Әрбір тышқан, 1 килограмм астық дәндерін жеп қоя алады. Осылайша, шаруашылыққа үлкен зиян тиеді. Ал үкілер, бірнеше айдың ішінде мыңдаған дала тышқандарының көзін жояды.

Кеміргіштер мен жәндіктердің санын шектеумен қатар, үкілер әлсіз және ауру құстарды жойып, олардың генофондын нығайтуға әсер етеді. Сонымен қатар, үкі қоқысы – керемет органикалық тыңайтқыш.

Олар зиянды жануарлардың санын азайту арқылы, адамзатқа үлкен пайда әкеліп, табиғи тепе-теңдікті сақтайды.


11 мәлімет

  1. Жақын тұрған заттан гөрі, алыс қашықтықтағы затты анық байқайды. Сондай-ақ жарықтан гөрі, қараңғыда көздері жақсы көреді.
  2. Үкі басын 270 градусқа бұра алады. Олардың көздері қозғалмайды, сондықтан табиғат бұл құстарға осындай мойын сыйлаған.
  3. Оның көздері 3 кірпіктен тұрады. Біріншісі – жыпылықтауға, екіншісі – көздерді қорғауға, ал үшіншісі – ұйықтауға арналған.
  4. Ол хайуанаттар бағында – 20-25 жыл, ал табиғи жағдайда 10 жыл ғана өмір сүреді. Мұның себебі – аштық.
  5. Үкі жәндіктермен және құстармен ғана қоректенбейді. Бұл жыртқыштар – қабан, түлкі және бұғыны жеп қоюы мүмкін. Тіпті, бөлтіріктерге (қасқырдың баласы) шабуыл жасаған жағдайлар белгілі. Бірақ, олардың сүйікті тамағы – кірпі.
  6. Қанаттарының ерекшелігіне байланысты, түңгілік уақытта дыбыссыз ұша алады. Бұл қабілет аң аулау кезінде үлкен көмегін тигізеді.
  7. Кейбір түрлері, тырнақтың көмегімен балықтарды аулай алады.
  8. Ұшу кезіндегі жылдамдығы 80 км/сағ дейін жетеді.
  9. Үкі көзімен емес, құлағымен «көреді» деген сөздерді жиі естуге болады. Оның құлағының сезімталдығы, адамнан 50 есе жоғары.
  10. Ең кішкентай үкінің салмағы – 30 грамм.
  11. Үкілер қытайлықтар үшін – өлімді, зұлымдықты, қатыгездікті және қылмысты білдіретін құс. Африка елдерінде, оның қара күштермен байланысы бар деп сенеді. Ал ежелгі гректер керісінше, бұл құсты өте қатты құрметтеген.