Кірпі туралы мәліметтер

Кірпі – ақылды және айлакер жануар. Бұл сүтқоректілер кішкентай болғанына қарамастан, оларға қатысты фактілер өте көп. Солармен таныс болғыңыз келсе, төмендегі мақалаға назар аударыңыз.

.jpg

8 мәлімет

Кірпі – ежелгі жануар. Олар біздің планетада 15 миллион жыл бұрын пайда болып, суық және бастақты жерлерден басқа, барлық климаттық аймақтарда өмір сүреді. Жер бетінде 17 түрі бар.

Оның денесінде 10 мыңнан астам ине бар. Иненің өсу уақыты – 1 жыл. Әрбір 3 жыл сайын инелері түсіп, жаңартылып отырады.

Қысқы ұйқысы 128 күнге созылады. Жазғы уақытта, қажетті май қорын жинай алмаса, ұйықтау барысында өліп қалуы мүмкін. Ұйқы кезінде жүрегі минутына 20-60 рет ғана соғады, ал қалған кезде 180 рет. Оянғаннан кейін, бірнеше күн бойы азық іздейді.

Кірпілер – түнгі жануарлар және өз індерінен алысқа кетпейді. Бұл сүтқоректілерді күндіз кездестіру қиынға соғады. Әдетте олар, диаметрі 15-20 сантиметр інінен шықпайды.

Кейбір мәліметтерге қарамастан, кірпі тышқандарды ауламайды. Өйткені, жылдамдығы олардан төмен. Көбінесе құрт, қоңыз, кесіртке және жеміс-жидектермен қоректенеді. Сондай-ақ, кейбір жағдайларда жыланға шабуыл жасауы мүмкін. Себебі, жыландардың уына қарсы иммунитеті бар.

Өмір сүру ұзақтығы – 5 жыл. Үй немесе хайуанаттар бағында тіршілік жасайтындарында шамамен – 10 жыл.

Түстерді жақсы ажыратқанымен, көру қабілеті нашар. Есту және иіс сезу қабілеттері керемет дамыған.

Олардың тістерінің саны – 36. Құйрығының ұзындығы – 3 см.