Түлкі туралы қызықты мәліметтер

Түлкі — әлемдегі ең танымал жануарлардың бірі. Бұл жануар — көптеген ертегі мен аңыздардың кейіпкері. Ол туралы қандай деректер белгілі?

.jpg

Түлкі жайлы 20 мәлімет

  1. Түлкілердің өмір сүру уақыты 6-8 жыл, ал жасанды табиғи қорықтарда 20-25 жыл тіршілік етуі мүмкін.
  2. Жаңа туылған кезіндегі салмағы — 150 грамм.
  3. Түлкілер — тышқан және қояндармен қоректенеді. Сондай-ақ, оның мәзіренде жеміс-жидектер де бар.
  4. Ең басты жаулары — қасқыр және бүркіт. Бірақ, түлкілер айлакер болғандықтан, оларды ұстап алу қиынға соғады.
  5. Түлкінің құйрығы, жүгіріс кезіндегі тепе-теңдікті сақтау үшін көмектеседі. Сонымен қатар құйрықпен бетін жауып, суықтан қорғанады.
  6. Бұл жануардың ең жақын туысы — ит.
  7. Жүгіру жылдамдығы — 50 км/сағатқа дейін жетеді.
  8. Ең үлкен түлкінің салмағы — 17,2 кг болған.
  9. Түлкілердің ең кішкентай түрі — фенек деп аталады. Оның салмағы — 1,5 кг.
  10. Археологиялық қазбаларға сүйенсек, олар 2 миллион жыл бұрын пайда болған.
  11. Түлкі інінің тереңдігі — шамамен 3 метр.
  12. Ұзын тырнақтарының арқасында, мысық сияқты ағаштарға шыға алады.
  13. Арктикалық түлкілер — қалын терісіның арқасында, -70 градустың өзінде өмір сүре береді.
  14. Бұл сүтқоректілер — 40-тан астам әр түрлі дыбыстар шағара алады.
  15. Түлкінің 10-нан астам түрі бар.
  16. Мадагаскарда ұша алатын түлкілер мекен етеді. Олар жарқанаттарға ұқсас және жеміс-жидектермен қоректенеді.
  17. Түлкілер, қасқырлар сияқты үйір болып жүрмей, өзіне тезірек жұп тауып, отбасы құруға тырысады.
  18. Олардың түні бойы тоқтаусыз жүгіруіне шыдамдылығы жетеді.
  19. Түлкі көптеген ертегілерде, алдаудың көмегімен өз мақсаттарына жететін әйел ретінде бейнеленеді.
  20. Іздерін шатастыра білу қабілеті үшін, түлкі — ең қу жыртқыш аң атағына ие болды.