Қоян туралы қызықты мәліметтер

Қояндарды әлемнің әрбір жерінде кездестіруге болады. Жыртқыш аңдар да, адамдар да оларды аулауға тырысады. Қоян туралы қандай деректер білесіз?

.jpg

Ұқсас: Қасқыр туралы 25 қызықты мәлімет

Қояндар жайлы 18 мәлімет

  1. Қояндар мысық пен иттен кейінгі, ең танымал үй жануары.
  2. Қояндарды Антарктидадан басқа, барлық материктерде кездестіруге болады.
  3. Шын мәнінде, қояндар етпенде қоректенеді.
  4. Олар 70 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады.
  5. Ұрғашы, еркек қоянға қарағанда 2 есе ұзақ өмір сүреді.
  6. Бұл жануардың тістері өмір бойы өседі. Сол себептен, олар тістерін үнемі қайрап отырады.
  7. Қоянның індерінің тереңдігі – 3 метрдей, сондай-ақ, бірнеше бөлмеден тұрады.
  8. Ең үлкен қоян шамамен 12 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Оның салмағы – 15 килограмм болған.
  9. Екі аяғының ұзындығы әр түрлі. Сондықтан, жүгірген кезде маймақ сияқты болып көрінеді.
  10. Қояндар тез көбейеді, олар бір дегенде 8-20 бала туады.
  11. Қоянды ұстап алсаңыз, оның жүрегі қатты қорыққандықтан жарылып кетуі әбден мүмкін.
  12. Орташа өмір сүру ұзақтығы – 8-9 жыл.
  13. Жер бетінде, қоянның 30-дан астам түрі өмір сүреді.
  14. Қоян жаңбыр жауған кезде, құлақтарын жабады. Өйткені, құлаққа су кірсе, ол тұмаумен ауырып қалуы мүмкін.
  15. Адамдар оларды қорқақ және әлсіз деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде, қояндар өз қарсыласын қатты жарақаттай алады.
  16. Иіс сезу және есту қабілеті жақсы дамыған. Бірақ, көздері нашар көреді.
  17. Қоянның миы кішкентай болса да, ол ақылды және тез ойланады. Қауіпті төнген кездерде, бұл қабілеттері оларға өте қатты көмектеседі.
  18. «Бір қоянға – жүз аңшы бар» деген мақалды барлығымыз білеміз. Қазіргі таңда, тек қана жылдам көбеюіне байланысты ғана, бұл жануарлар жойылып кепеген.

Ұқсас: Жануарлар туралы қызықты мәліметтер