Түркия туралы қызықты мәліметтер
Түркия — демалысқа ұмтылатын туристер арасында өте танымал. Бұл елде теңіз, күн, экзотикалық жануарлар, архитектуралық ескерткіштер және т.б. бар. Сондықтан сіздерге арнап, түріктер елі туралы қызықты деректерді ұсынамыз.
Түркия жайлы 30 мәлімет
- Түрік тілінде латын алфавиті қолданылған.
- Шие Еуропаға алғаш болып Түркиядан әкелінді.
- Әрбір мейрамханада нан, шай және су тегін беріледі.
- Түріктерде жаңа жыл немесе туған күн деген жоқ. Бұл мерекелер тойланбайды.
- Аңызға айналған Троя қаласы Түркия аумағында орналасқан.
- Дәріханада тұмауға қарсы иньекцияны тегін жасауға болады.
- Түріктер толық әйелдерді ұнатады.
- 2000 жылдан астам уақыт бойы, Стамбул үш империяның астанасы болды: Рим, Византия және Осман.
- Әлемдегі алғашқы университет Түркияда құрылды.
- Әлемнің жеті кереметінін екеуі осы елде.
- Стамбул — екі құрлықта, яғни Еуропа мен Азияда орналасқан әлемдегі жалғыз қала.
- Шаштаразда ерлердің шашын тек қана ерлер алады, ал әйелдердікін — әйелдер.
- Түркия аумағының 97%-ы Азияда, 3%-ы Еуропада.
- Түркиядағы көптеген ғимараттарда төбеде қара көрсеткілер бар. Олар Меккеге баратын бағытты көрсетеді.
- Стамбул — елдегі ең үлкен қала. Оның халқының саны 14 миллион 700 мың адамнан асады!
- 3,5 миллионнан астам түрік азаматы ресми түрде Германияда тұрады.
- Туріктер шайды жақсы көреді, сондықтан күніне шамамен 10 кесе ішеді.
- Түркия туристердің ең көп келетін елдерінің бірі болып табылады.
- Ең танымал спорт түрі — футбол.
- Түріктер темекіні өте көп тартады.
- Түркияда жылжымайтын мүлікті, басқа еуропалық елдерден гөрі 5 есе арзан бағаға сатып алуға болады.
- Түрік халқы Жерорта теңізін, Ақ теңіз деп атайды.
- Әлемде 90 миллионға жуық адам түрік тілінде сөйлей алады.
- Түркияда пайдалы қазбалардың шамамен 100 түрі бар.
- Шын мәнінде, қызғалдақтардың туған жері — Голландия емес, Түркия.
- 17 ғасырда Түркияда кофе ішуге тыйым салынған. Заңды бұзушылар өлім жазасына кесілген.
- Түркияда үш әскери төңкеріс болды. 1960, 1971 және 1980 жылдары.
- 2001 жылы Түркияда өлім жазасы жойылды, бірақ 1984 жылдан бастап бірде-бір адам өлім жазасына кесілген жоқ.
- Түркиядағы ең танымал алкогольдік сусын — Raki.
- Түрік армиясы Еуропадағы ең қуатты күштердің бірі деп танылды.
Жок туған күнді тойлайды және еркектер әйелдердін шашын алады