Германия туралы қызықты мәліметтер

Германия – ақындар мен ойшылдардың жері болып саналады. Бұл таң қалатын жағдай емес, себебі көптеген композиторлардың ұлты – неміс. Германия елі туралы тағы қандай мәліметтер білеміз?

ГЕРМАНИЯ МЕМЛЕКЕТІ ЖАЙЛЫ 25 МӘЛІМЕТ

Ұқсас: Үндістан туралы қызықты мәліметтер

  1. Германиядағы ең танымал спорт түрі – футбол. Ал Германияның ұлттық футбол командасы, планетадағы ең күшті ұжымдардың бірі.
  2. 2014 жылы мемлекеттік университеттерде оқу тегін болатын болды. Саясаткерлер жоғары білім үшін ақша төлеуді, әлеуметтік әділетсіздік деп санады.
  3. Германияда жұмыс істемей, мемлекет беретін әлеуметтік көмекке өмір сүруге болады.
  4. Германия – әлемдегі ең ірі автоөндірушілердің бірі. Volkswagen Golf – әлемнің ең көп сатылатын автокөліктерінің қатарына жатады.
  5. 2005 жылы канцлер болып сайланған Ангела Меркель, неміс тарихындағы билікке келген алғашқы әйел болды.
  6. Бұл елде кез-келген затты жөндеудің қымбаттылығы соншалық, сол заттын жанасын сатып алған тиімді.
  7. Неміс тіліндегі ең ұзын сөз: Rechtsschutzversicherungsgesellschaften. Бұл «құқықтық қорғауды қамтамасыз ететін сақтандыру компаниялары» дегенді білдіреді.
  8. Германияда балық аулауға бару үшін сіз алдымен тиісті курстарды аяқтауыңыз керек.
  9. Германия елінде орташа өмір сүру ұзақтығы өте жоғары: әйелдердікі 83, ал ерлердікі – 78 жыл.
  10. Немістер сүйіктілерін «Schatz» (қазына) деп атайды.
  11. Немістер әлемдегі екінші сыра тұтынушысы (Ирландиядан кейін), жылдық орташа көрсеткіш – 119 литр.
  12. Сағыз Германияда ойлап табылды. Оны жасаған Ганс Ригель.
  13. Қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынған, бірақ алкоголь ішуге рұқсат етілген.
  14. Суды еш қайнатусыз және сүзгіштен өткізбей ішуіңізге болады. Неміс ауыз суының сапасы, қазіргі уақытта әлем бойынша жоғары көрсеткішке ие.
  15. Германияда туу деңгейі өте төмен, орташа есеппен алғанда немістер 29 жаста балалы болады. Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, 2060 жылға қарай халық саны 80 миллионнан 67 миллионға дейін төмендейді.
  16. Барлығына танымал аспирин дәрісін де немістер тапты. Оны 1897 жылы Феликс Хоффман синтездеді.
  17. Audi, Seat, Skoda, Bentley, Bugatti, Lamborghini, Porsche, Ducati, Scania және MAN маркалы автокөліктер Volkswagen концерніне жатады.
  18. Еуропадағы ең көп тараған тегі Мюллер. Германияда бұл атпен шамамен 320 000 адам өмір сүреді.
  19. Көптеген немістер ит ұстайды: оларды баптау үшін мемлекет ақша төлейді.
  20. Немістер ешқашан төбелесті бірінші болып бастамайды. Бірақ шайқас басталса, онда аяғына дейін барады.
  21. Түрмеден қашып кеткен үшін қылмыскер жазаланбайды. Өйткені, неміс соты адамның еркіндікке деген ниетін ақтайды. Егер құқық бұзушы ұсталып қалса, ары қарай жазасын өтей береді.
  22. Егер автобанда автокөліктің жанармайы бітіп қалса, айыппұл салынады, ал жүргізуші куәлігі алты айға дейін тоқтатылуы мүмкін!
  23. Германия астанасы жеті рет өзгерді.
  24. Елдің жалпы ішкі өнімі 3,49 триллион еуро. Бұл Америка Құрама Штаттары, Қытай және Жапониядан кейінгі дүниедегі төртінші экономика.
  25. Германия мемлекетінде балалардың бұзақылығы үшін ата-аналар жауап береді. Егер ата-аналар жоқ болса, онда ешкім жауапқа тартылмайды.

Ұқсас: АҚШ туралы қызықты мәліметтер