Торғай құсы туралы мәлімет

Торғай – адамдарға жақын жерде ұя салғанды ​​ұнататын ең танымал құстардың бірі. Ол мейірімді, тапқыр және жанасқыш құс.

y

Торғайдың денесінің орташа ұзындығы – 15 см, ал салмағы – 25-35 граммға дейін жетеді. Олардың 35 түрі белгілі. Әрбір түр өзінің тіршілік ету ортасымен, түсімен және өмір сүру салтымен ерекшеленеді.

Торғай – отырықшы құс. Қысқы мерзімде жылы жаққа қоныс аудармайды, өз тұрақты мекенін өте сирек қалдырады. Бұл құстардың шырылдаған даусы – көктемнің келгенін білдіреді. Орташа өмір сүру ұзақтығы 4-5 жыл. Құстардың көпшілігі, өмірдің бірінші жылында ауа-райының қолайсыздығынан және түрлі жарақаттардың кесірінен өліп қалады.

Ол – қорек талғамайтын құс. Мәзірінде әр түрлі өсімдіктердің дәндері, жәндіктер, өрмекшілер және жеміс-жидектер бар. Олар ауыл шаруашылығының басты зиянкесетерінің бірі болып саналады. Бір топ торғай, егін алқабын толығымен жойып жіберуі мүмкін. Бірақ, сонымен қатар, бұл құстар – өсімдіктерге зиян келтіретін жәндіктердің санын азайтып отырады екен. Осылайша, торғайдың шаруашылыққа тигізетін пайдасы, келтірілген залалдан асып түседі.

Әдетте, қалалық және ауылдық аймақтарда қоныстанады. Орманды, шалғынды және шөлді жерлерден аулақ болуға тырысады. Кез-келген жерден ұя сала береді. Мысалға, балкон, үйшік, қоқыс үйінділері, ағаш немесе тастан жасалған ғимараттардың шұңқырлары. Ұя құрылысы наурыз айында басталады, ал сәуір айында қанатталылар жұмыртқа сала бастайды. Екі аптадан кейін, балапандар дүниеге келіп, 14-17 күн өткен соң ұша бастайды. Балапандар өскесін, ата-анасының қасында қалады. Сондықтан, торғайлардың отарлары үлкен.

Мамандар соңғы 15 жыл ішінде, торғайлардың саны азайып келе жатқандығын айтуда. Мұның себебі белгісіз, бірақ, бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Өйткені, олар табиғатта маңызды рөл атқарады, торғайларға қарап, экожүйенің қазіргі жағдайы қандай екенін айтуға болады.

Ұқсас: Көгершін жайлы қызықты мәліметтер