Төле би туралы мәлімет

Төле би Әлібекұлы – Ұлы Жүздің биі, қоғам қайраткері, шешен, ақын және «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығаруға үлкен үлкесін қосқан адам.

.jpg

Ол 1663 жылы қазіргі Жамбыл ауданының Жайсан шатқалында туылған. Бала кезінен өте тапқыр, зерек және ақылды болғаны белгілі. Осы қасиеттерінің арқасында, ауылдастарының құрметіне және сүйіспеншілігіне ие болды. 15 жасынан бастап сот істеріне қатысып, өзінің әділдігімен және шешендігімен халық арасында танымал бола бастады.

Тәуке ханның тұсында, барлық жүздердің басты биі болып саналған. Бірақ, жоңғар шапқыншылығынан кейін, Қазақ хандығы бірнеше ұсақ хандықтарға бөліне бастады. Жерімізді жаудан тазарту үшін, ол қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарын әскери одақ құруға итермелеп, жоңғарлармен соғысуға шақырды.

Төле би қиын кезеңде өмір сүрген. Аңызға сүйенсек, Жоңғар әскері Ұлы Жүздің аумағына кіріп келгенде, жергілікті тұрғындар баспаналарын қалдырып, қашып кеткен. Тек Төле би ғана өз үйін тастамады. Әскер қолбасшысы одан неліктен қашпадың деп сұрағанда, ол киіз үйдің үстіне ұя салған қарлығашты көрсетіп, құстың тыныштығын бұзғысы келмейтінін айтқан. Бұған таң  қалған жоңғарлар, бидің өмірін сақтап қалды. Осы сәттен бастап, адамдар оны «қарлығаш әулие» деп атап кеткен.

Ол Ұлы Жүздің Ресей империясына қосылуына әсерін тигізді. 1733 жылы бір топ сұлтандар мен билер, патшайым Анна Иоанновнадан Ұлы Жүзді орыс империясына қабылдауын сұрады. 1734 жылдың 10 маусымында бұл өтініш қанағаттандырылды.

Кейбір деректер бойынша, ол көптеген батырлардың, билердің және тіпті хандардың тәлімгері болған. Абылай ханға «Сабалақ» деген атты өзі қойған. Бұхар Жыраудың айтуынша, бұл кезде Абылай, Төле бидің түйелерін бағып жүрген.

1756 жылы 93 жасында Оңтүстік Қазақстан облысының Ақбұрхан ордасында қайтыс болып, Ташкент қаласында жерленді.

Ұқсас: Қазыбек би туралы мәлімет