Тоқылдақ туралы қызықты мәліметтер
Тоқылдақ – ағаштарды тұмсығымен ұрғылау арқылы өзіне азық табумен қатар, орманды – зиянды жәндіктерден тазартады. Мұндайға, басқа ешқандай құс қабілетті емес. Олар жайлы біз не білеміз?
- Тоқылдақ – ағашқа бір күнде, 8000-12000 соққы жасай алады.
- Олар көп энергия жұмсайды, сондықтан, үнемі аш жүреді. Күніне, 1000-2000 құмырсқаны жеп қоюы мүмкін.
- Тілдерінің ұзындығы – 10 см. Тілде тікенектер болады, олардың көмегімен жәндіктерді ағаштан суырып алады.
- Олар: қоңыздар, құмырсқалар, жемістер, жаңғақтар, дәндер және ағаштың шырынымен қоректенеді.
- Бұрғылау кезінде, тоқылдақтың басының жылдамдығы, атылған оқтың жылдамдығынан екі есе артық болады.
- Оны – орман дәрігері деп атайды. Тоқылдақтар, жәндіктердің шамадан тыс көбейіп кетуіне жол бермейді. Соның арқасында, ағаштағы зиянкестер азайып, орман сақталып тұрады.
- Ересек тоқылдақтар, секундына 20 соққы жасайды. Сондықтан, олардың бастарының қозғалысын, анық байқау мүмкін емес.
- 1995 жылы бұл құстар, НАСА-ға зиян келтірген. «Дискавери» зымыранына бірнеше жерден тесік жасап, ғарышқа ұшатын уақытын бірнеше айға создырып жіберді.
- Қазіргі уақытта, олардың 220 түрі белгілі. Өмір сүру ұзақтығы – 4-11 жыл.
- Жасыл тоқылдаққа қатысты қызықты мәлімет бар. Егер оның даусы естілетін болса, бір минуттың ішінде жаңбыр жауады деген ырым бар.
- Ең үлкен түрі – корольдік тоқылдақ. Оның ұзындығы жарты метрге дейін жетеді. Өкінішке орай, тоқылдақтын бұл түрі, жойылып кетуге жақын.
- Оларды Антарктида, Австралия, Жаңа Зеландия және Мадагаскарда кездістіре алмайсыз.
Токылдак туралы кызыкты малимет
Басқа мәлімет жоқпа???
Тоқылдақтвң канаты кандай
Жаксы шыгаргансыз 😍кызым 5 воды
Тоқылдақ тық-тық деген дауыс шығарады.Ол жыртқыш құс.Ол жəндіктерді жеп,ағашты тазартады.Ол орман-дəрігері
тоқылтақтың түрі қандай түсі қандай пайдасыше тоқылтақтын қанаты ұзын емес түсі қара пайдасы ол ол ағаштарды зиян жəндіктерден қорғайды ол 1000-2000 құрмысқаны жеп таусады оның тырнақтары өткір тұмсығы ұзын тілі 10 см. бойы 21-25 грам
Жақсы шығарғансың өзің жаздыңба
Өте қызық екен менің атым Мухаммед 4г-сыныпта оқимын
Өте керемет мәлімет және түсінікті болды
Рақмет сізге мен 3ә-сыныбында оқимын.
Соны айтам