Тіс ауырғанда не істеу керек?
Тіс ауырған кезде, стоматологиялық клиникаға баруға қорқатын болсаңыз немесе дәрігерге көрінуге мүмкіндік болмаса, не істеу керек?
Себептері
Тіс ауруларының ең көп таралған себебі — кариес. Ол алғашқы кезде ешқандай симптом бермей, тіс тіндерін бұзып, оны сезімтал қылдырады. Мысалы, суық немесе ыстық суды ішсеңіз, ауырсынуды сезінесіз. Сондай-ақ, периодонтит, пульпит, пародонтит және әр түрлі зақымдар мен жарақаттардың кесірінен тістің ауыруы мүмкін.
Тісті қалай емдеуге болады?
- Ең алдымен, ауыз қуысын мұқият қарап шығып, тіс щеткасының көмегімен қалып қойған тамақтың қалдықтарын жойыңыз. Қатты, тәтті, және тұзды тағамнан аулақ болыңыз.
- 1 стақан суға, 1 қасық соданы араластырып, ауызыңызды шайыңыз.
- Ауыратын тіске мұзды басу уақытша көмектеседі. Ол наркоз сияқты әсер етеді, бірақ шамамен 5 минутқа ғана.
- Ауырсынуды жеңілдететін дәрілерді ішіңіз. Мысалы, кеторол немесе анальгин.
- Сондай-ақ, ауыратын тіске тұзға маңытырылған сарымсақты басуыңызға болады.
- Антибиотиктерді пайдаланудан аулақ болған жөн. Оны дәрігердің кеңесісіз қолдану, тек қана зиян әкеледі.
- Ыстық компресстерді қолданбаңыз. Бұл процедура — жағдайды одан әрі нашарлатып, емделуге кедергісін тигізеді.
- Тамақты ауыратын жағыңызбен шайнамаңыз.
- Түңгі уақытта, ауырсынуға шыдай алмайтын болсаңыз, тәулік бойы жұмыс істейтін тіс емханалары бар екенін ұмытпаңыз.
- Егер дене температурасы көтеріліп, жағыңыз ісіп, жүрек тез соғып немесе тыныс алу қиындап жатса, міндетті түрде жедел жәрдем шақыруыңыз қажет.