Терінің маңызы, қызметі және құрылысы

Тері – біздің денсаулығымыз үшін өте маңызды мүше. Оған қарап, адамның физикалық және эмоциялық күйін байқауға болады.

Денедегі терінің жалпы ауданы шамамен 2 шаршы метрді құрайды. Қалыңдығы 0,5-2 миллиметр. Ағзаның барлық маңызды процестеріне қатыса отырып, тері мынадай функцияларды орындайды: иммундық, қорғаныстық, секреторлық, рецепторлық және т.б.

Құрылымы

Тері үш қабаттан тұрады: жоғарғы эпидермис, дерма және гиподерма.

  • Эпидермис – бұл көзге көрінетін және қолмен ұстауға болатын терінің сыртқы қабаты. Ол бізді улы заттардан және зиянды микроағзалардан қорғайды. Бұл қабат әр 3-4 апта сайын жаңарып отырады.
  • Дерма дәнекер тіннен тұрады, оның құрылымы күрделі. Бұл қабатта қан тамырлары, лимфа тамырлары, шаш түйіншелері, нервтер және май бездері бар.
  • Гиподерма – ең үлкен әрі ең ауыр қабаты. Ол бұлшық ет пен тері арасындағы байланыстырушы құрылым. Терінің төменгі қабаты денені механикалық қорғауға, жылуды сақтауға және жинақтауға көмектеседі.

Қызметі

  1. Денені шамадан тыс су жоғалтуынан, ультракүлгін сәулелерден, патогендік бактериялар мен зиянды заттардың ағзаға еніп кетуінен қорғайды.
  2. Тері дененің қызып кетуіне немесе қатты салқындауына жол бермейді. Ол тыныс алу және зат алмасу процестерін реттеуге қатысады. Сондай-ақ, гиподермис қоректік заттарды сақтайды.
  3. Ішкі ағзаларды механикалық зақымданудан қорғайды. Май жасушалары соққыны жұмсартады.
  4. Терідегі нервтер жанасуды, ауырсынуды, жылуды және суықты сезінуге көмектеседі.