Темекі туралы мәлімет

40 жыл бұрын, темекі шегу — кейбір аурулардан көмектеседі деген сенім болған. Қазіргі заманда, шылым шегу денсаулыққа қауіпті екенін, кішкентай баланың өзі біледі. Біз, ол жайлы не білеміз?

1

Әлемде әрбір 6 минут сайын, бір «шылымқор» адам көз жұмады.

10 жыл бойы темекіге жұмсалған ақша, жаңа автокөлікті сатып алуға жеткілікті.

Ғалымдардың айтуынша, тұрақты түрде темекі шегетін адамдардың өмірі, 14 жылға қысқарады екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікірінше, барлық сатылатын темекілердің 25%-ы  — контрабанда.

Темекі — әлемдегі ең танымал өнімдердің қатарына кіреді. Бұл өнеркәсіптің жалпы жылдық табысы — 400 миллиард долларды құрайды.

20-шы ғасырдың басында дәрігерлер, артық салмақтан арылу үшін, шылым шегуге кеңес беретін.

Миокард инфарктіне шалдыққан адамдардың 95%-ы, темекіні тастап кетеді.

1588 жылы АҚШ азаматы Томас Харриет, күнделікті шылым шегу денсаулыққа пайдалы деп айтып, адамдардың арасында насихаттау жүргізген. Өкінішке орай, ол қатерлі ісіктен қайтыс болды.

Ливан — планетадағы ең көп темекі шегетін елдердің арасындағы көсбасшы. Одан кейінгі орындарда Қытай, Ресей және Куба бар.

Күніне 20 шылым шегетін болсаңыз, қатерлі ісікке шалдығу мүмкіндігі — 3%-дан 15%-ға артады.

Никотин — түтінді ішке тартқаннан кейін, 10 секундтың ішінде миға жетеді.

Көптеген елдерде бұл өнімді жарнамалауға тыйым салынған. Ал кейбір мемлекеттер, оны тіпті есірткі ретінде қарастырады.

2003 жылы Қытайда бірінші электронды шылым шығарылды. Оның авторының есімі Хон Лик.

Электронды темекілердің басты зияны: олар тәуелділік тудырады. Бұл заманауи шылымдарды — Тайланд, Канада, Дания, Түркия, Австралия, Уругвай, Италия және т.б. елдерде қолдануға тыйым салынған.

Оның құрамында 4000-нан астам компонент бар.