Теледидар туралы қызықты мәліметтер

Бала кезімізде, бұл техникалық құралсыз өмірімізді елестету қиын болатын. Бірақ, ғылыми-техникалық прогресстің дамуы, телефон, планшет және ноутбуктардың пайда болуына әкеліп, олар теледидардың орнын басуда.

1
Изображение Pexels с сайта Pixabay

Алғашқы теледидардың экранының өлшемі тек 3×3 см, ал суретті беру жиілігі секундына 10 кадр ғана болды. Оны 1907 жылы Макс Дикманн жасап шығарған.

Ұлыбританияда теледидар көретін әрбір азамат, жылына 150 фунт мөлшерінде салық төлеуі қажет.

1970 жылға дейін, бағдармалар тек тікелей эфирде шығатын, өйткені, бейнежазба жасайтын технология әлі болмаған. Егер жүргізуші қателесетін болса, оны бүкіл ел көретін.

Қазақстанда жарнама тақталарының бірінде, LCD теледидарын, қателесіп LSD (қатты әсерлі есірткі) деп жазып қойған.

Лазерлі экрандар – ең төзімді болып саналады. Сондай-ақ, олар сұйық кристаллды дисплейге қарағанда, электр қуатын 5 есе аз тұтынады.

Америка Құрама Штаттарында алғашқы шығарылған теледидарлардың құны – 199 доллар, ал өлшемі – 13×25 болды. Бірақ, оның дыбысы болмайтын, сондықтан, онымен бірге радио қабылдағышты қосатын.

Зерттеулерге сәйкес, американдық жасөспірім сабақ оқуға – 12 мың сағат, ал теледидар көруге – 14 мың сағатын жұмсайды екен.

Ең қымбаты – Stuart Hughes Prestige HD деп аталады. Оның бағасы – 2,25 миллион доллар. Ол 28 кг алтынмен қоршалған және 72 гауһар тастан тұрады.

КСРО-дағы алғашқы теледидар – КВН-49 деп аталған. Бұл атау оның жасаушыларының есімінен құралған: Кенигсон, Варшавский, Николаевский.

Жапондықтар көгілдір экранның алдында, күніне орташа есеппен алғанда – 9 сағат отырады.

Ең үлкен теледидар – Нью-Йорк фонд биржасында қызмет етіп тұр. Оның диагоналі шамамен 4 метрді құрайды.