Тауық туралы мәлімет

Ешқандай үй жануары тауық сияқты жақсы зерттелмеген. Оларды еті мен жұмыртқалары үшін ғана өсірмейді, тауықтың қауырсыны да пайда әкеледі екен.

.jpg

Тауық жайлы 12 факт

  • Бір тауық жылына 250-300 жұмыртқа әкеледі.
  • Жыл сайын бүкіл әлемде 51 миллиард тауық жасанды түрде өсіріліп, өмірінің 42 күні өлтіріледі. Әр секундт сайын шамамен 1900 құс сойылады. Ал, үй жағдайында өсірілетін тауықтардың орташа өмір сүру жасы — 10 жыл.
  • Тауықтың басқа құстардан айырмашылығы, ол ұша алмайды. Ғалымдардың айтуынша, мыңдаған жылдар бұрын, олар мұндай қасиетке ие болған, бірақ біраз уақыттан соң, бұл қабілетін жоғалтып алды. Дегенмен, кейбір тауықтар ұша алады, бірақ қысқа қашықтыққа (10 метр).
  • Бұл үй жануарларының жалпы саны адамдардан көп — 25 миллиард.
  • Оның еті кальций, калий, магний, темір, фосфор және В дәрумендеріне өте бай, жүрек және қан ауруларынан зардап шегетін адамдар үшін пайдалы.
  • Жыл сайын шамамен 567 миллиард тауық жұмыртқасы тұтынылады.
  • Олардың 30-дан астам түрлі дыбыстан тұратын ерекше тілі бар.
  • Тауықтар 100-ден астам адамның ерекшелігін есте сақтай алады. Осылайша, өздеріне жамандық жасаған адамды бірден таниды.
  • Есіңізде болсын! Жаңа піскен жұмыртқаны суға салсаңыз, ол батып кетеді, ал ескіргені судың бетінде қалқып тұрады.
  • Сенуге қиын, бірақ бұл құстар — жер бетінде өмір сүрген ең ірі жыртықштардың бірі, тираннозаврдың ұрпақтары.
  • Олар қараңғы жерде жұмыртқа салмайды. Жұмыртқалау уақыты келіп тұрса да, таң атқанын күтеді.
  • Бұл үй жануары — Франция елінің ұлттық символы болып саналады.