Таулар туралы қызықты мәліметтер

Тауларға көптеген өлең жолдары арналған. Оның қасында тұрған адам, өзін құмырсқа сияқты сезінеді. Дегенмен, батыл альпинистер ең биік таулардың шыңдарын бағындырған.

.jpg

Тау жайлы 11 мәлімет

Биіктігі 500 метрден асатын геологиялық жаратылыс – тау болып саналады. Ал, 500 метрден төмен болса, дөңге жатқызылады.

Күн жүйесіндегі ең биік тау – Олимп (27 км) деп аталады. Ол Марс ғаламшарында орналасқан.

Альпі тауы – Австрия елінің аумағының 62%-ын алып жатыр.

Ең жас тау тізбектері 50 – 70 миллион жыл бұрын пайда болды. Ал, ең ежелгі таулар 300 миллион жыл бұрын қалыптасқан. Олардың шыңдары дөңгелек болып келеді.

Тауға көтерілген кезде, температура төмендеп отырады. Шамамен алғанда, 1 километр сайын 6,5 градусқа түседі.

Гималайдағы Аннапурна тауына шыққан адамдардың 20%-ы, қайтып оралмады.

Қызықты мәлімет: Кайлас тауының биіктігі 6666 м. Бұл таудан ағылшын ескерткіші Стоунхенджге дейінгі қашықтық – 6666 км. Сондай-ақ, Кайластың маңында өмір сүретін адамдар тез қартаяды екен.

1991 жылы Альпі тауында, туристтер серуендеу кезінде өлі адамдың мәйітін тапты. Мұзда жақсы сақталған адам денесінің жасы – 5300 жыл екен.

Бутан мемлекетінде орналасқан Ганкхар Пуенсум тауының шыңына, ешқай альпинист шыға алмады.

Жер бетінде ұзындығы 7200 метрден асатын 100-ден аса тау бар.

Рейхнольд Месснер – әлемдегі ең әйгілі альпинист. Ол алғашқы болып Эверест шыңына жеткен және көптеген әлемдік рекордтардың авторы.