Тәуке хан туралы мәлімет

Тәуке – Жәңгір ханның ұлы. Ол шамамен 1635 жылы дүниеге келіп, жас кезінен өзінің табандылығымен және қайсар мінезімен көзге түсті.

Өмірбаяны

Бұл кезеңде әр жүз тәуелсіз, жеке билік жүргізуге ұмтылған. 1680 жылы билікке келген Тәуке хан, орталықтандырылған күшті мемлекет құруға кірісті. Ол сұлтандардың билігін әлсіретіп, билердің дәрежесін көтерді. Ру-тайпалардың арасындағы даулы мәселелерді билер кеңесі шешіп отырған. Билердің шешімін тіпті хан да жоя алмаған.

Тәуке жүргізген саясат, хандықтағы ішкі қайшылықтар мен қантөгістердің тоқтауына себеп болды. Ол халықтың бірлігін, қазақ жерінің тұтастығын сақтауды басты мақсат етіп қойды. Билермен бірге «Жеті жарғы» заңдар жинағын әзірледі. «Жеті жарғы» қазақ қоғамының барлық жағын қамтыды: әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, отбасылық құқық нормалары заңды түрде бекітілді.

1697 жылы Жоңғар хандығының тағына Цеван-Рабтан отырған соң, қазақ-ойрат қарым-қатынасында қатал кезең басталды. Жоңғарлар Шу өзенінен өтіп, Ферғана алқабына басып кірді. 1710 жылы жоңғарларға қарсылық көрсету мақсатымен, үш жүздің өкілдері Қарақұм маңына жиналды. Кейбір шайқастарда жеңіске жеткенімен, қазақтар Ертіс, Тарбағатай, Жетісу бойындағы қоныстарынан айырылып, шығысқа қарай шегіндірілді.

Осы соғыста одақтас табамын деген үмітпен Тәуке хан 1686–1693 жылдары Ресейге бес рет елшілік жіберген. Ол 1718 жылы қайтыс болғаннан кейін мемлекеттің құлдырауы басталды. Жүздердің әрқайсысы дербес хандықтарға айналды.

Ұқсас: Қасым хан туралы мәлімет