Сүт өнімдерінің пайдасы
Қазіргі қоғамда сүт өнімдерін пайдалану туралы әртүрлі пікірлер бар. Кейбір сарапшылар, ол адамның ағзасына зиянды деген мәлімдеме жасады. Кімдікі дұрыс?
Сүт — адамдардың дастарханында 5000 жыл бұрын пайда болды. Мемлекеттің денсаулық сақтау ұйымдары, сау адамның мәзірінде: жеміс, көкөніс, ақуыз (белок) және сүт өнімдері болуы керек дейді. Дәрігерлер, майлығы төмен өнімдерді пайдалануға кеңес береді.
Сүттің пайдасы
Сүттің тағамдық құндылығы жоғары. Оның құрамында ақуыздар, май, кальций, калий, магний, натрий және A, B, D витаминдері бар.
Сүзбе (творог) — адамның сүйектері үшін пайдалы және остеопороз ауруының дамуына жол бермейді. Ас қорыту жүйесінің созылмалы аурулары кезінде ұсынылады. Жүкті немесе бала емізетін әйелдерге сүзбе жеуге кеңес берілген.
Оны ішетін адамдардың диабетке шалдығу мүкіндігі — 43%-ға төмен.
Кальций — тіс, сүйек және буынды қатайтатын элемент. Ол ірімшік және йогуртта көп мөлшерде кездеседі.
Дәрігерлер ішек ауруларынан емделіп жүрген науқастарға айран ішуді ұсынады. Айранда көптеген пайдалы микроорганизмдер бар. Ол ішек флорасына, иммунитетті нығайтуға, ұйқының бұзылуына және шаршауды басуға көмегін тигізеді.
Витамин D — серотонин гормонының пайда болуына ықпал жасайды. Бұл — бақыт гормоны. Ол адамның көңіл-күйіне, тәбетіне және ұйқысына жақсы әсерін тигізеді.
Зерттеу кезінде, сүт ішетін кісілердің ойлау және естеу сақтау қабілеті жоғары болатындығы анықталды.
Күн сайын айран және йогурт ішетін әйелдердің терісі ылғалды және баяу қартаяды. Ежелгі Римде сүтті косметика ретінде қолданған.
Қаймақ — ас қорыту жүйесінінің қызметін қалыпқа келтіреді. Ол асқазанмен жақсы қорытылады.
Өсіп келе жатқан нәрестенің басты құрылыс материалы — ақуыз. Спортшылар — жаттығулардан кейін оны бекер ішпейді.
Жоғары қан қысымы және жүрек-тамыр ауруларына қарсы күреседі.
Ол — ағзаға толығымен сіңіріледі және онда, барлық қажетті амин қышқылдары бар.