Шыңғыс хан туралы деректер

XIII ғасырдың басында, Шыңғыс хан бастаған монғол әскері, әлемнің төрттен бір бөлігін басып алған болатын. Біз тарихтағы ең ірі империяның негізін қалаған хан туралы қызықты мәліметтер жинадық.

хан

Ұқсас: Үндістан туралы қызықты мәліметтер

Шыңғыс хан жайлы 15 дерек

  1. Ғалымдардың айтуынша, ол шамамен 40 миллион адамның өліміне кінәлі.
  2. Алғаш рет адамды 10 жасында өлтірді. Аң аулау кезінде оның қолынан өгей ағасы қайтыс болды.
  3. Оның бойы ұзын, көзінің түсі жасыл, ал шашы сары түсті болды. Шын аты – Темүжін.
  4. Шыңғыс хан 20 жасында әкесін өлтірген татарларға қарсы соғыс ашып, жеңіске жетті. Бойы 90 сантиметрден асқан әрбір татардың басы шабылды.
  5. Өзінің әйелі Бөртемен 9 жасында аттастырылып, 16 жасында үйленді.
  6. Парсылар монғол елшісінің басын шауып тастаған кезде, моңғол әскері оларға қарсы соғысқа аттанып, парсы халқының 90%-ын қырып жойды.
  7. Темүжіннің бірнеше мың әйелі болды. Қазіргі таңда Азияның 8% халқы – бұл ханның ұрпағы.
  8. Ұлы ханның мәйітінің орналасқан жері әлі күнге дейін белгісіз.
  9. 1211 жылы Темүжін, Цинь имперясына шабуыл жасады. Цзинь империясының халқының саны 53 миллион, ал моңғол халқының саны 1 миллион адам болғанына қарамастан, қытайлықтар жеңіліске ұшырады.
  10. 1201 жылы шайқас кезінде Жебе атты садақшы, Темүжіннің сүйікті атын өлтірді. Өлім жазасының орнына, Шыңғыс хан Жебені өзінің қолбасшыларының біріне айналдырды.
  11. Моңғолдар, Таңғұт мемлекетінен әскери көмек сұраған кезде, олар көмектесуден бас тартты. Шыңғыс ханның ашуланғаны соншалық, Таңғұт мемлекеті жер бетінен жойылды. Қазіргі уақытта бұл мемлекет туралы деректер өте сирек кездеседі.
  12. Моңғол империясы тарихтағы ең ірі мемлекет болып саналады. Оның аумағы Тынық мұхитынан, Шығыс Еуропаға дейін созылған.
  13. Шыңғыс хан – барлық көшпенді тайпаларды біртұтас мемлекетке біріктірген жалғыз билеуші.
  14. 15 жасында Темүжін тұтқынға түсіп, көптеген жылдар бойы құлдықта болды. Қашып кеткеннен кейін, билік үшін күресті бастады.
  15. Ұлы ханның қалай қайтыс болғаны жайлы нақты мәлімет жоқ. Тарихшылардың айтуынша, ол аттан сәтсіз құлағандықтан қаза болды.

Ұқсас: Мысыр туралы қызықты мәліметтер