Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет
Шоқан Уәлиханов аз уақыт өмір сүрсе де, қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Ол өзінің отандастарының мәдениеті мен өмірін сипаттап, көшпелі тайпалардың өмір сүру құрылымы жайлы мәліметтерді көпшілікке таратты.
Өмірбаяны
Ұлы ғалым, саяхатшы, этнограф және шығыстанушы — 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында туылған. Шын есімі Мұхаммед Қанафия, Шоқан деген атты анасы еркелетіп қойған. Ол Абылай ханның тікелей ұрпағы болып саналады, өйткені, атасы Уәли — Абылайдың үлкен ұлы. Уәли қайтыс болғаннан кейін, оның мұрагері Ғұбайдолла Сібірге жер аударылды. Сол себепті, билік Уәлидің әйелі Айғанымның қолына өтті. Ресей Империясының патшасы Александр, Айғанымға арнап керемет зәулім сарай салып берген. Шоқан осы үйде дүниеге келді.
Дәстүр бойынша, ханның ұлы жеті тілді меңгеруі керек. Сондықтан, ол бала кезінен қазақ, араб, парсы және түркі тілдерін оқи бастады. Оның әжесі Айғаным, бірнеше тілді жетік білетін, ақылды және білімді әйел болатын. Шоқанның рухани дамуына осы кісі үлкен әсерін тигізді. Болашақ саяхатшы, әжесінің айтқан ертегілерін, аңыздарын және өлеңдерін үлкен қызығушылықпен тыңдаған.
Он екі жасында Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп, бұл оқу орны оның тұлға болып қалыптасуына және дүниетанымының өзгеруіне түрткі болды. Көп ұзамай, сабақ үлгерімі жағынан өз құрдастарынан озып кетті. 1852 жылы «Хан жарлығы» атты алғашқы ғылыми жұмысы жарық көрген кезде, мұғалімдер Шоқанның болашақта ғалым болатынына күмән келтірмеген.
1856 жылы Омбыда Семенов-Тянь-Шанскийді кездестіріп, онымен жақсы дос болып кетті. Осы жылы екеуі М.Хоментовский бастаған әскери ғылыми экспедицияға қосылды. Саяхатшыларға, Ыстықкөлдің айналасын картаға түсіру жүктелді. Маусымның ортасында Ыстықкөлге жетіп, оның шығыс және солтүстік-шығыс жағалауларын суретке түсірген. Экспедиция барысында, қырғыздың ұлы батыры Манас туралы аңызды естіп, бұл эпосты орыс тіліне аударды.
Бұл жылдары Тарбағатайды, Орталық Қазақстанды және Қырғызстанды аралап, осы аумақта өмір сүретін халықтар туралы географиялық, этнографиялық және тарихи материалдар жинады. 1858 жылдың жазында ұйғыр халқы мекен ететін Қашқарға әйгілі саяхатын жасап, осы сапардан кейін Ш.Уәлихановтың есімі көпшілікке танымал болды. Бұл жердің тұрғындары, климаты, жолдары және шаруашылығы туралы ақпарат жинап, 11 айдан соң еліне қайтып оралды. Ұйғырлардың әлеуметтік құрылымы мен тұрмысы жайлы жазған еңбегі, орыс, француз және ағылшын тілдеріне аударылған.
Тарих және география саласындағы маңызды жетістіктері үшін, Санкт-Петербург ғалымдары 20 жасар Шоқанды Ресей географиялық қоғамының мүшесі қылып сайлады. Оның әртүрлі саладағы еңбектері қазіргі уақытта да жоғары бағаланады.
1961 жылы туберкулез ауруына шалдығып, дәрігерлердің кеңесі бойынша туған жеріне оралды. Қазақ халқының қиын өмірін көріп, оларды шенеуніктердің қатыгездігінен қорғау үшін 1862 жылы Атбасар уезінің аға сұлтаны болып сайланды. Ұлы саяхатшы 1865 жылы Тезек ауылында көз жұмды.
Жақсы адам болған бізге осындай білім қалдырып кеткенін рахмет.
Өте күшті мәлімет!!! Жазғанынызға рахмет!
Неге әртүрлі мәлімет жазасыздар. Оқулықта Айғаным әжесі деп көрсетілген. Мына жерде де біресе анасы,біресе әжесі деп жазылған. Мұндай мәліметті көпшілікке ұсынарда сауатты болу керек шығар.Бірдей нақты деректерге сүйеніп жазыңыздар. Әрқайсың өздеріңше болжап оқырманды шатастырмай.
Енді Уали атасы, оның әйелі Шоқанның әжесі боладығой. Сіз өзіңізғой қателесіп отырған
Шоқанның әжесі — Айғаным ,
Ал анасы — Зейнеп .
Мен сізге келісемін бұл мәліметті оқыса анасы мен әжесінің есімдері бір го сауатты болу керек деп кеңес берем
Мына жерде ақпараттар дұрыс жазылмаған. Шоқан Уәлиханов 1835 жылы дүниеге келіп, 1865 жылы қайтыс болды, не бәрі 30 жыл өмір сүріп. Мақалада қайтыс болған жылы 1965 деп көрсетілген, «Ұлы саяхатшы 1965 жылы Тезек ауылында көз жұмды», 130 жыл.
Мен Шоқан Уалихаоновты мақтан тұтамын😁
Мен Ш.Уалиханывты қолдаймын
Менің де атым Жансая
Айғаным әжесі
Зейнеп анасы емеспа?
Мәлімет емесқо
Рахмет сізге мәлімет күшті
Рахмет көп сізге
Сен кімсің солай жазуға Адам көп оны жазып тапқан ал біз жәй көшіріп жатырмыз