Шарын шатқалы жайлы мәлімет

Шарын шатқалы өзінің керемет ландшафтымен кез-келген адамды таң қалдырады. Еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Алматыдан екі жүз шақырым жерде, Тянь-Шань тауының тармақтарында орналасқан.

Көлемі мен геологиялық ерекшеліктеріне байланысты, оны Америкадағы Гранд-Каньонның «кіші інісі» деп атайды. Шатқалдың тереңдігі 200 метр. Биіктігі 150-300 метрлі қызыл түсті жартастар, сыртқы жағынан қарауыл мұнараларына өте ұқсас. Жартастардың пішіндерінің осылай қалыптасуына жел әсер еткен. Шатқалдың түбінде Кетпен жотасынан бастау алатын Шарын өзені ағып жатыр.

Флорасы мен фаунасы алуан түрлі. Мұнда сүтқоректілердің 62, құстардың 103 түрі тіршілік етеді. Олар: түлкі, қарақұйрық, сібір тау ешкілері, қояндар, қосаяқтар, сарышұнақтар және тас сусарылары. Өсімдіктердің 1500-ден астам түрі өседі, оның 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Жер бетінде 25 миллион жыл бұрын пайда болған және биіктігі 10 метрге жететін согдий шағаның атап өтуге болады. Бұл ағаштар тек Солтүстік Америкада ғана кездеседі.

Жыл сайын бұл жерде мастодонт, піл, мүйізтұмсық және гиена сияқты жойылып кеткен жануарлардың қалдықтары табылады. Шарын ұлттық саябағында өсімдіктерді жұлуға, аңшылық пен балық аулауға қатаң тыйым салынады.

Ежелгі уақытта адамдар мұнда жындар мен мыстан кемпірлер өмір сүреді деп есептеген. Сондықтан болар, кейбір жартастар «Жалмауыз кемпір» шатқалы, «Айдаһар» сияқты атауларға ие.

Келуші туристтер үшін наурыз айының аяғынан мамырға дейінгі кезең және күз мерзімі қолайлы болып саналады. Себебі, жазда каньондағы ауа температурасы +36 +40 °С дейін көтеріледі.

Ұқсас: Алтынемел ұлттық саябағы туралы мәлімет