Семей ядролық полигоны туралы мәлімет
Семей ядролық полигоны 1947 жылдың 21 тамызында құрылды. Атом бомбасының алғашқы сынағы 1949 жылы 29 тамызда өтті. 40 жылдың ішінде жалпы аумағы 18,5 мың шаршы метрді құрайтын алаңда 456 жарылыс жасалды. Полигондағы барлық жарылыстардың қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның күшінен 2500 есе күшті.
КСРО, АҚШ және Ұлыбритания елдерінің келісіміне сәйкес, атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынақтар өткізуге тыйым салынып, сынақтар жер астындағы жарылыстар түрінде өткізіле бастады. Мұны жүзеге асыру үшін полигоннан 100 км қашықтықта орналасқан Дегелең тау тізбегі қолданылып, бұл жерде 223 ядролық заряд жарылды.
Ресми мәліметтер бойынша, миллионға жуық адам радиациядан зардап шеккен. Семей облысы экологиялық апат аймағына айналды. Сынақ орнына жақын елді мекендерде қалқанша безінің қатерлі ісіктері, гемабластома, лейкемия, лимфома және созылмалы лейкемия аурулары жиі кездесті. Дәрігерлерге бұл ауруларды радиацияның әсерімен байланыстыруға тыйым салынды. 1950 жылдан бастап, нәрестелер өлімі 5-10 есе көбейді. Өмір сүру ұзақтығы 3-4 жылға қысқарды. Ал, полигон айналасындағы ауылдарда мутант балалар дүниеге келе бастады.
1989 жылы 12 ақпанда кезекті жарылыстан кейін антиядролық қозғалыс құрылып, оны ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқарды. Семейде, Алматыда, Мәскеуде және т.б. қалаларда митингілер мен наразылық акциялары өтіп, үкіметтен полигонды жабу талап етілді. Нәтижесінде, Қазақстан жерінде ядролық сынақтар тоқтатылып, 1991 жылғы 29 тамыздағы Президенттің Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.
Рахымет менің балам осы мәдіметтің архасында 10 балл алып келді .Апкиі 5шығарам деді
Семей полигоны туралы көбірек ақпарат алу керек,ол туралы көптеген ақындар шығармалар жазған
шаймандарш жаздығо әйтеуір
Жазуга ерынып турым
Осы Гугл деген аталарымызга ракмет, былмегенде былып алатын болдык, но авторга да үлкен ракмет 😚
Баука айтқанына келісіп тұрм