Баламалы энергия көздері (эссе)

Өндіріс технологияларының дамуы — экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына себепкер болды, сондықтан, адамдар баламалы қуат көздерін іздестіріп жатыр.

.jpg

Адамзат энергиясыз өмір сүре алмайды. Біз күн сайын — көмір, газ, бензин сияқты органикалық отындарды пайдаланамыз. Бірақ, пайдалы қазбалардың қоры шектеулі екенін ұмытпауымыз керек, ғалымдардың пікірінше, мұнай қорлары шамамен 50 жылдан кейін таусылады. Дәстүрлі энергия көздері сарқылғасын не істейміз?

Күн энергиясы

Жер бетіне түсетін күн энергиясының бір апталық мөлшері — әлемдегі барлық мұнай, газ, көмір және уран қорларынан асып кетеді. Оны таусылмайтын қуат көзі деп айтуға болады. Қазіргі заманда, күн станциялары көптеген елдерде белсенді қолданылады, бұл станциялар — фотоэлектрлік қондырғылардың көмегімен, күн энергиясын электр энергиясына айналдырады. Алайда, мұндай станцияны құру үшін, көп қаражат керек. Дәлірек айтқанда, шамамен 190 миллион доллар. Бұндай ақшаға бірнеше АЭС салуға болады. Сол себепті, Күн энергиясының болашағы зор болғанымен, оны әлі жетілдіру қажет. Мамандардың есептеуінше, ол келешекте әлемнің негізгі қуат көзіне айналады.

Жел энергиясы

Бүгінгі таңда, жел энергетикалық станцияларын қолданатын мемлекеттер көбейіп келеді, ғалымдар бұл баламалы қуат көзіне үлкен үміт артып отыр. Жел генераторларының басты артықшылығы, энергияны өңдіру кезінде, қоршаған орта ластанбайды. Бірақ, кез-келген ауа-райында тәулік бойы жұмыс істей алатын жел турбиналарын құру, оған күтім жасау және жөндеу арзан емес. Оларды бір-біріне жақын орналастыруға болмайды, сондықтан, бұндай станциялардың құрылысы үлкен ауданды қажет етеді. Сонымен қатар, бұл қоңдырғылар — құстардың ұшуына кедергі келтіреді, қатты шу шығарады, радио және теледидар хабарларын қабылдауға бөгет жасайды. Өкінішке орай, жел адамзатқа жеткілікті мөлшерде электр қуатын бере алмауда.

Геотермалды энергия

Геотермалдық энергетика — бұл жердің ішкі жылуын электр энергиясына айналдыру әдісі. Күн немесе желге қарағанда, бұл энергия көзі тұрақты және ауа-райының өзгеруіне тәуелді емес. Геотермалдық станцияларды Исландияда кеңінен қолданады. Өйткені, бұл елде жанартаулар көп. Егер, жанартаудың ыстығын  энергияға түрлендіретін болсақ, ол 11 500 тұрғын үйді электр қуатымен қамтамасыз етуі мүмкін.

Су энергиясы

Су — жаңартылатын және таусылмайтын ресурстардың қатарына кіреді. Экологиялық тұрғыдан алғанда, ол мұнай мен көмір жағатын жылу электр станциялары сияқты зиянды емес. Инженерлер оны болашақтың энергиясы деп санайды.