Сауд Арабиясы жайлы мәліметтер

Сауд Арабиясы патшалығы — әлемдегі ең жабық мемлекеттердің бірі. Осы елге қатысты қызықты фактілерді білгіңіз келсе, төмендегі мақаланы оқыңыз.

0

Бұл елде — Ислам дінінен бас тартқандар және зинақорлықпен айналысатындар, өлім жазасына кесіледі.

Патшалық — мұнайды өндірудің және сатудың әлемдік көшбасшысы. «Қара алтын» қорының төрттен бір бөлігі, осы мемлекетте орналасқан.

Жұмыс аптасы — жексенбі күні басталып, бейсенбі күні аяқталады. Демалыс күндері — жұма және сенбі.

Мемлекеттің атауы — Әл-Сауд әулетінің құрметіне осылай аталған. Бұл династия — әлі күнге дейін Сауд Арабиясын басқарып тұр. Билік — тек қана осы әулеттің мүшелеріне ғана мұрагерлікпен беріледі.

Мұнайға бай болғанымен, Сауд Арабиясында су өте аз. Судың 90%-ы, шет елдерден сатып алынады. Бұл елде бензин, судан екі есе арзан бағаға сатылады.

Сауд Арабиясында, мұсылмандар үшін ең қасиетті 2 қала орналасқан, олар: Мекке және Медине.

Әдетте, әйелдерге жұмыс істеуге рұқсат етілмеген. Сондықтан, іш киім сататын дүкендерде, сатушының жұмысын тек қана еркектер атқарған. Әрине, нәзік жандылар үшін, бұл үлкен ыңғайсыздық тудыратын. Сол себепті, 2012 жылы ер адамдарға іш киім дүкендерінде сатушы болуға тыйым салынды.

2-3 жылдан кейін, «Патшалық мұнара» деп аталатын ғимараттың құрылысы аяқталады. Оның ұзындығы 1 километрден асып, әлемнің ең биік мұнарасы болады.

Саяси партияларды ашуға заң жүзінде тыйым салынған.

Әйелдер күйеуінің, әкесінің немес еағасының рұқсатын алмай, дәрігерге көріне алмайды.

Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) — осы елдің аумағында туылған және  жерленген.

Патшалықта балалар үйлері жоқ. Егер, баланың ата-анасы қайтыс болатын болса, оларды туысқандары асырап алады.

Қоғамдық автокөліктер сирек кездеседі. Жергілікті тұрғындар өз автомобильдерімен немесе таксимен жүргенді қалайды.