Мұнай туралы мәліметтер

Мұнайдан бензин ғана өңдірілмейді, онымен бірге: ұялы телефондар мен компьютерлер, ұшақтар, тіс пастасы, кір жуу ұнтағы, DVD дискілері, дәрі-дәрмектер және т.б. жасалады. Төменде мұнай туралы қызықты және ешкім білмейтін деректерді ұсынамыз.

.jpg

Ұқсас: Жер туралы қызықты мәліметтер

Мұнай жайлы 20 мәлімет

  1. Әлемдегі мұнайдың қоры шамамен 40-50 жылға жетеді.
  2. Мұнайдан жасалған алғашқы өнім – керосин.
  3. Түркіменстанда автокөлік жүргізушілері айына 120 литр бензинді тегін алуға құқығы бар.
  4. Мұнайды өндіретін үш ең ірі ел – Ресей, Сауд Арабиясы және АҚШ.
  5. «Қара алтынның» бір тамшысы 25 литр ауыз суын бұзуы мүмкін.
  6. Әлемде бір тәулікте 13,3 миллиард литр мұнай тұтынылады.
  7. Мұнайдан ғана емес, көмірден де бензин жасауға болады, бірақ бұл өте қиын және көп уақыт алады. Немістер Екінші дүниежүзілік кезінде, әскери техникаға арналған отынды көмірден жасаған.
  8. Ғалымдардың айтуы бойынша, ол – ежелгі планктондарың қалдықтарынан пайда болды. Бұл кезең 350 миллион жылға созылған.
  9. Оның құрамында мыңдаған заттар бар, олардың көпшілігі (80-90%-ы) сұйық көмірсутектер болып табылады.
  10. Оның негізгі түсі қара, бірақ кейде жасыл және тіпті түссіз сұйықтықтар кездеседі.
  11. Мұнай, тереңдігі – 10 метрден 5-6 шақырымға дейінгі ара қашықтықта орналасады.
  12. Аспирин – мұнай өнімі болып табылатын бензолдан алынады.
  13. Мұнай көмірмен бірдей, оның өзгешелігі тек сұйықтығында.
  14. Оны алғашқы болып, б.з. 4-ғасырында Ежелгі қытайлықтар қолданған.
  15. АҚШ-та әлемдік бензинның 44%-ы тұтынылады.
  16. Ең ірі мұнай компаниясы – Saudi Aramco, ол Сауд Арабиясы мемлекетінің иелігінде.
  17. Бұл сұйықтықтың бағасы барлық тауарлардың бағасына тікелей әсер етеді, себебі, көлікке құйылған бензиннің бағасы да қосылады.
  18. Мұнайдың қондырғысындағы қызметкердің орташа жылдық жалақысы шамамен 100,000 доллар.
  19. Венесуэла әлемдегі ең ірі қара алтынның қорына ие, ол 300 миллиард баррельді құрайды.
  20. Алғашқы кезде бензин үлкен сұранысқа ие болмаған. Өйткені, автокөлікті сатып алуға шамасы жететін адамдардың саны өте аз болатын.

Ұқсас: Су туралы қызықты мәліметтер