Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы мәлімет
Сұлтанмахмұт Торайғыров — XX-шы ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Ол 1893 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 3 жасында анасынан айырылып, оқу мен жазуды ауыл молдасынан үйренген. 1902-1911 жылдары әртүрлі мектептерде, медреселерде оқыды.
1913 жылдың күзінде Троицк қаласындағы «Айқап» журналының редакциясына хатшы болып жұмысқа тұрды. Журнал беттерінде алғаш рет өзін ақын-публицист, әдебиеттанушы ретінде көрсетті. Оның «Қамар сұлу» романы, «Оқудағы максат не?», «Анау-мынау» өлеңдері жарық көрді. Өз шығармашылығында жастарды білімге, ғылымға шақыра бастады.
Ақын қоғамда үлкен өзгерістердің болуын аңсады. Ол революцияны қолдап, Кеңес өкіметінің жеңісін үлкен қуанышпен қабылдады. Осы уақытта «Адасқан өмір» және «Кедей» шығармалары шықты. 1917 жылы «Сарыарқа» газетінде «Алаш» партиясының қайраткерлерін мадақтаған мақалаларын жариялады.
Торайғыровтың еңбектері қазақ халқының өміріне арналған. Ақын өз өлеңдерінде өзекті мәселелерді көтеріп, ауыл тіршілігін, байлар мен молдалардың арамдығын, қазақ әйелдерінің қиын жағдайын жеткізгісі келген. Ол білімсіздік пен қараңғылықты жек көрген, мәдениет пен ғылымды бірінші орынға қойған.
Революциядан кейін Шідерта болысы комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Алайда 1920 жылы 21 мамырда туберкулез ауруынан қайтыс болды. Небәрі 27 жасында өмірден озғанымен, қазақ поэзиясына қосқан үлесі өте зор.
Керемет екен! Маган унады.