Абылай хан туралы мәлімет
Абылай хан – қиын заманда қазақ халқының мүдделерін қорғап қалған саясаткер, әскери қолбасшы және дипломат ретінде белгілі. Ұлы ханға қатысты қызықты деректермен таныс болыңыз.
- Шын есімі – Әбілмансұр. Ол Жәңгір ханның тікелей ұрпағы.
- 13 жасында болғанда, оның әкесі тақ үшін күрес кезінде көз жұмып, Әбілмансұр Түркістанға қашуға мәжбүр болды.
- Жетім қалғаннан кейін, Төле бидің қамқорлығында болып, оның түйелелерін бақты. Бұл кезенде оны Сабалақ деп атаған.
- 20 жасында, Жоңғар батыры Шарышты жекпе-жекте жеңген соң, Орта жүз сұлтаны болып жарияланды. Халық оны атасының құрметіне Абылай деп атап кетті.
- 1742 жылы Есіл өзенінің бойындағы шайқаста Жоңғар әскерінен жеңіліске ұшырап, тұтқынға алынды. Бір жылдан кейін босатылып, күресті ары қарай жалғастырды. Нәтижесінде, қазақ халқының көптеген маңызды жерлері жаудан босатылды.
- 1754-1755 жылдары қырғыздар Жетісуға шабуыл жасады. Әбілмансұр тез арада әскер жинап, Іле және Шу өзендерінің ортасын жаудан тазартты. Осылайша, ол қазіргі уақытқа дейін сақталған қазақ пен қырғыз арасындағы шекараны орнатты.
- 1756 жылы қол астында 6000 жауынгер болғанына қарамастан, 40000 қытайлыққа қарсы тұрып, оларды артқа шегіндірді.
- Үш жүздің басын біріктіріп, 1771 жылы хан болып жарияланды.
- Оның 12 әйелі, 30 ұлы және 40 қызы болған.
- Қазақстанның ұлттық валютасының алғашқы 100 теңгілік банкнотасында, Абылай ханның суреті бейнеленген.
- Абылай хан 1781 жылы 70 жасында қайтыс болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленді.
Менин издегеним жок??????????????????
Фу,фу,фу
Коп коп рахмет оте пайдалы малыметтер былдым алла разы болсын