Құстар күніне арналған тәрбие сағаты

Мақсаты: құстардың табиғаттағы маңызды рөлін түсіндіру; оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.

Әдісі: викторина, жұмбақ, мақал-мәтел

Құралдар: плакаттар

Құстар – біздің досымыз

I. Ұйымдастыру кезеңі

Халықаралық конвенцияның шешімі бойынша, 1906 жылдың 1 сәуірінен бастап, Халықаралық құстар күні атап өтіледі. Бұл қанаттылардың ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасы орасан зор. Олар көптеген құрттардың, қоңыздардың, көбелектердің және т.б.  зиянды жәндіктердің санын азайтып, егістіктерді зақымдайтын зиянкестердің көзін жояды.

Мұғалім: Балалар, күз мезгілінде жылы аймақтарға қоныс аударатын құстарды қалай атаймыз?

(Жыл құстары) Жарайсыңдар! Оларды кім атап бере алады?

бұлбұл, қарлығаш, ақ дегелек, көкек, бозторғай.

Ал, енді қыстап қалатын құстарды атаңыздар.

қарға, торғай, сауысқан, тоқылдақ.


II. Негізгі бөлім

1. Келесі кезекте жұмбақтар сайысы.

Тұмсығымен ояды,

Ұя салып қояды.

Табыңдаршы, балалар,

Ол қандай құс болады?

(Тоқылдақ)

Түнде жортады,

Жарықта қорқады.

(Жарқанат)

Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бал таңдайлы.

(Бұлбұл)

Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді балпаңдап.

(Қаз)

Мойыны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы?

(Аққу)


2. Мақал-мәтелді жалғастыр.

Қыран құс шашып жейді, қара құс (басып жейді).

Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, (қатқақ келер).

Құс қанатымен ұшады, (құйрығымен қонады).

Құс тамағы үшін қолға түседі, Балапаны үшін (торға түседі).


3. Қызықты мәліметтер.

Құстың қауырсыны, оның сүйегінен ауыр.

Колибри – артымен ұша алатын жалғыз құс.

Құстар терлемейді, себебі оларда тер бездері жоқ.

Қаршығаның көру қабілеті адамнан 8 есе жоғары.

Фламинго бір аяқта тұрып ұйықтай алады.

Киви – әлемдегі қанаты жоқ жалғыз құс.


4. Викторина.

Пингвин құсқа жатама? (иә)

Бейтбітшілік құсы (көгершін)

Орман дәрігері (тоқылдақ)

Үйге бала әкелетін құс (аист, дегелек)

Ең көп таралған құс (тауық)

Орман мысығы (үкі)


III.Соңғы бөлім

Жер бетінен жойылып бара жатқан құстардың түрлері жыл сайын көбейіп келеді. Олар адамдардың көмегіне мұқтаж. Осыны есте сақтап, біздің кіші бауырларымызға қамқор болайық!

Ұқсас: Қарлығаш құсы жайлы мәлімет