Отбасы жайлы нақыл сөздер

Отау құру үшін, өзара сүйіспеншілік жеткілікті. Ал сақтау үшін – сабырлық пен кешірілімділік қажет.

Отбасы – бұл кішігірім мемлекет. Әкесі – президент, анасы – министр, ал баласы – үнемі наразылық білдіретін және ереуілдер ұйымдастыратын халық.

Отбасылық өмірде ең бастысы – шыдамдылық. Өйткені, махаббат көпке созылмайды.

Егер бақытты жанұяны көрсең – қызғанба! Олар да көп қиындық көрген, бірақ жеңіп шыққан.

Күйеу балан жақсы болса – ұлды болдың, жаман болса – қызыннан айырылдың.

Әкесі балаларына жасай алатын ең керемет зат – олардың анасын сүю.

Жанұя – әлемдегі ең маңызды нәрсе. Егер сіздің отбасыңыз болмаса, сізде ештеңе жоқ деп есептей беріңіз.

Баланы отбасылық бақыт үшін тудырмаңыз. Бала – бақытты отбасыда туылуы керек.

Қыздың ең жақын досы – анасы. Ол ешқашан қызғанбайды, жамандықты қаламайды, және оның көздерінен тек қуаныш пен мақтанышты ғана көресіз!

Жанұясын ұмытқан ер адам, еркек деген атауға лайықты емес.

Әдемі қызға көзбен қарайды, ал ақылды қызбен отбасы құрады.

Егер ерлі-зайыптылар отау құру алдында, бір-бірінің әдеттерін және мінездерін білмейтін болса, неке бақытты болмайды.

Жақсы әйел бақытқа ұмтылады, жаман әйел бақытты күтеді.

Ағашты – тамырлары, ал адамды – отбасы ұстап тұрады.

Жанұя – бұл құнды сыйлық. Оны бұзудың орнына, қорғау керек.