Орбұлақ шайқасы жайлы мәлімет
Орбұлақ шайқасы — қазақтар мен жоңғарлар арасындағы шешуші шайқастардың бірі. Жаудың саны едәуір көп болғанымен, Жәңгір ханның әскери біліктілігі мен қазақ сарбаздарының ерлігі, жоңғарларды тас-талқан етті.
1643 жылы Батыр Қонтайшы 50 мыңдық әскерімен Қазақ хандығының аумағына басып кірді. Мұны естіген Жәңгір хан, 600 сарбазымен жауға тойтарыс беруге шешім қабылдап, шайқас үшін Ор өзеніне жақын таулы жерді таңдады.
Қарсыластың күштері басым болғандықтан, қазақ әскері жертаса (окоп) әдісін пайдаланды. Ұзындығы 2,5-3 км болатын арнайы «траншеялар» қазылып, ордың алдыңғы шеті адамның бойымен, ал артқы жағы біркелкі болды. Жәңгір хан жауынгерлерді тау шатқалының үш жағынан орналастырып, тұтқиылдан шабуыл жасауға дайындалды.
Жоңғарлар шатқалға кірген кезде, қазақ сараздары оларға кенеттен оқ жаудырып, таудан тастарды домалатты. Содан кейін жаудың дүрбелеңін пайдаланып, оның артқы жағынан соққы жасады. Жоңғарлар тар кеңістікте әскерінің сандық артықшылығын пайдалана алмады. Нәтижесінде, 10 мың адамынан айырылып, артқа шегінуге мәжбүр болды.
Бұл шайқас батылдықтың, қаһармандықтың және әскери рухтың маңыздылығын көрсетті. 1993 жылы Орбұлақ шайқасы өткен жерде мемориалды ескерткіш орнатылды.
Ұқсас: Атлах шайқасы туралы мәлімет
1643 жылы орбұлпқ шайқысына қатысқан батырлпр кімдер
арғын Ағынтай, алшын Жиенбет, қаңлы Сарбұқа, найман Көксерек, дулат Жақсығұл, шапырашты Қарасай, Суан Елтінді есімді батырлар халық жадында мәңгілік сақталып қалды
Орбулак шаикасында 2000 кыргыз аскеры келгены каншалыкты рас
жангир хан батур хонтайшы
Бұхаралықтар 20000 әскермен Салқам Жәңгірге көмек ретінде келген емес пе еді?