Атлах шайқасы туралы мәлімет

751 жылы Талас өзенінің бойындағы Атлах деп аталатын қаланың маныңда, арабтар мен қытайлар арасында маңызды шайқас өтті. Бұл соғыстың нәтижесі түркі өркениетінің дамуына  үлкен әсерін тигізді.

Қытай басшылары, Түргеш қағанатында болып жатқан ішкі қарама-қайшылықтарды пайдаланып, Талас қаласын қоршауға алды. Қытайларға қарсы тұру мақсатында, Сүлік қаған Араб халифына елші жіберіп, жауға бірігіп тойтарыс беруге ұсыныс жасады. Иран, Кавказ, Ауғанстан және бүкіл Таяу шығысты жаулап алған Араб халифаты, көмек ретінде 20-30 мыңдық әскерін жіберді.

Екі қуатты мемлекеттің әскерлері Талас өзенінің маңында кездесіп, қанды шайқас бес күнге созылды. Бесінші күні, қарлұқтар жауға кенеттен соққы жасап, нәтижесінде, қытайлар жеңіліске ұшырады. Араб тарихшыларының мәліметтеріне сүйенсек, қытай армиясының 50 мыңы өлтіріліп, 20 мыңы тұтқынға алынған.

Атлах шайқасы түркі халықтарының тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. Ол Қытай экспансиясын тоқтатып, Орталық Азияда ислам дінінің таралуына себеп болды. Бірақ, жергілікті қағандар исламды қабылдағанымен, араб билігі бұл жерлерге таралмады. Сондай-ақ, шайқастан кейін қарлұқтар мен ұйғырлар өз мемлекеттерін қайта қалпына келтірді.