Өмір туралы нақыл сөздер

4

17 нақыл сөз

Өмірге ешқашан өкпелеме! Өйткені, достарынды – ренжітесін, жауларынды – қуантасын, ал өзіне – көмектеспейсін.

Өлімнен емес, босқа өткен өмірден қорқу керек.

Өмірдің заңы бойынша, бір есік жабылғаннан кейін, екінші есік ашылады.  Бірақ көп адамдар – ашылған есікке назар аудармай, жабық есікке қарап тұрады.

Өмір – бұл өткен күндер емес, ол есте қалған күндер.

Өмірде барлығы уақытша. Егер бәрі жақсы болса – рақаттан, өйткені ол мәңгілікке созылмайды. Егер бәрі жаман болса – алаңдама, бұл да мәңгілікке созылмайды.

Өмір тау сияқты. Баяу көтерілесін, жылдам түсесін.

Біз, құс сияқты аспанда ұшуды және балық сияқты суда жүзуді үйрендік. Енді, адам сияқты жердің бетінде өмір сүруді үйрену қалды.

Әр адамның өмірінде екі тамаша күн болады. Біріншісі – туылған күні, екіншісі – не үшін туылғанын түсінген күн!

Өмірдің мақсаты – дұрыс өмір сүру, дұрыс ойлау және дұрыс әрекет жасау.

Бүгін, қажет емес заттарды сатып алсан, ертең, қажетті заттарынды сатасын.

Өмірдің ұзақтығы емес, мазмұны маңызды.

Ең қиын жолдарды таңдаңыз, бәсекелестерді кездестірмейсіз.

Көздеріңе сенбе! Олар тек қана кедергілерді көреді.

Үлкен шығыннан қорықпа, кішкене табыстан қорық.

Әулие адамның өткен өмірі бар, күнәһар адамның болашақ өмірі бар.

Табысқа емес, өміріннің мәнін табуға ұмтыл.

Есінде болсын! Кез-келген күн, соңғы болуы мүмкін.