Ніл өзені туралы қызықты мәліметтер

Ніл – әлемдегі ең ұзын өзендердің бірі екендігі барлығымызға белгілі (6700 км). Ол Мысыр, Руанда, Танзания, Уганда және Судан елдерінің аумағы арқылы ағып өтеді.

.jpg

Адамдар Нілдің алабына б.з.б. VI ғасырда қоныстана бастады. Өйткені, бұл аумақтың топырағы құнарлы болған және ең қарапайым жұмыс құралдарымен өңделген. Нәтижесінде, егін шаруашылығы қарқынды дамып, бұл өзен – Ежелгі Мысырдың экономикалық және мәдени өркендеуіне ықпал етті.

Қазіргі уақытта, бұл өзеннің суы – егістіктерді суаруға, балық аулауға, адамдарды сумен қамтамасыз етуге және кеме қатынасы үшін пайдаланылады. Ніл – Солтүстік Африкадағы Сахара шөлі арқылы Жерорта теңізіне құйылатын жалғыз өзен. Ол шөлді аймақтарда өмір сүретін тұрғындарың басты тіршілік көзі болып табылады.

Нілдің ерекше қасиеттері бар. Ауа-райы қатты ыстық болған мерзімде, әлемдегі барлық су объектілері құрғай бастайды, ал Ніл керісінше жағалаудың сыртына төгіліп, су басқан жерлер қызыл түске боялады. Сонымен қатар, су тасқыны кезінде, оның түсі жасыл түске өзгереді. Бұл құбылыс – судың түбінде тау минералдары мен тропикалық өсімдіктердің болуына байланысты туындайды.

Флорасы мен фаунасы өте бай. Қолтырауын, маймыл, бөкен,  жыланның бірнеше түрі, түрлі балықтар және сирек кездесетін құстар тіршілік етеді. Сондай-ақ, оның маңайында пальма, мимоза, сауырағаш және қараған сияқты өсімдіктер өседі.

Ежелгі дәуірден бері, бұл өзенге су қайдан келіп жатқаны құпия болып қалуда. Көптеген пікірлер айтылғанымен, мұнын нақты жауабын ешкім білмейді. Оның ең алыс нүктесі – Шығыс Африка үстіртіндегі Кагерта өзені екендігі ғана белгілі.

Оның маңында – Гиза пирамидалары, Ұлы Сфинкс, Патшалар алқабы, Каирдегі Египет мұражайы және т.б. танымал мәдени ескерткіштер бар.

Ұқсас: Өзен туралы қызықты мәліметтер