Мысыр туралы қызықты мәліметтер
Мысыр — әлемнің ең ежелгі өркениеттерінің бірі. Өзінің әйгілі пирамидаларымен белгілі бұл мемлекет, қазіргі уақытта танымал демалыс орнына айналды. Египет туралы қандай деректер білеміз?
Мысыр жайлы 30 қызықты мәлімет
- Тіс пастасы, тарақ, сабын, шыны және цементті осы елдің өкілдері ойлап тапты.
- Бұл елде бір өзен ғана бар, ол — Ніл.
- Каир қаласында, Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіш бар.
- Мысырлықтар, хат жеткізу үшін көгершіндерді пайдаланған алғашқы мемлекет.
- Мысырда еркектер ақ киім, ал әйелдер қара киім киеді.
- Ніл — әлемдегі ең ұзын өзен, оның ұзындығы 6853 км.
- 2011 жылы болған революция себебінен, қақтығыстар кезінде 800-ден аса адам қаза болып, Хосни Мүбәрәк билігінен айырылды.
- Ежелгі Египеттің ең ұлы фараоны — Рамсес II. Ол 60 жыл бойы тақта отырған, сондай-ақ оның 90 баласы болды.
- Мысық — ежелгі мысырлықтар үшін ең қасиетті жануар болып саналды. Мысықты өлтіру — ең ауыр қылмыстардың бірі болып есептелген.
- Александр Македонский осы мемлекетте жерленген.
- Христиан діні Египетте пайды болды.
- Хеопс пирамидасы 53000 шаршы метрді құрайды. Бұл 10 футбол алаңымен тең.
- Мысырлықтар бір жылды 365 күнге, ал бір күнді 24 сағатқа бөлген алғашқы халық.
- Мысыр елінің негізгі аумағын шөл дала алып жатыр.
- Алғашқы көйлектер 5000 жыл бұрын Ежелгі Мысырда пайда болды.
- Атақты Клеопатра — 22 жыл бойы осы елдің патшайымы болды.
- Ежелгі Мысырдың ең қасиетті құдайы — Ра.
- Египеттің бір тұрғыны жаңа туылған қызының атын Facebook деп қойды.
- Спорттың ең танымал түрі — футбол.
- Әлемнің 7 кереметінің, қазіргі күнге дейін жалғыз сақталған кереметі — Хеопс пирамидасы.
- Жасанды шаш (парик) — осы елде ойлап табылды. Жасанды шашты ежелде тек қана бай адамадар киген.
- Мысырдың 90%-ы мұсылман. Халықтың 98%-ы арабтар.
- Ежелде, мысырлықтар туған күндерін тойламаған.
- Мысырда балды, ақша ретінде пайдаланған.
- Мысыр екі құрлықта орналасқан, Африка және Азияда.
- Бұл елдегі Қызыл теңіз, әлемдегі ең жылы теңіз ретінде белгілі.
- Ежелгі Мысырдың алфавиті 700 иеролифтан тұрған!
- Әйелдерге шетелдің азаматтарына тұрмысқа шығуға тыйым салынған.
- Ең таралған сусын түрі — сыра.
- Египетте макияжды еркектер де жиі пайдаланған. Ол сән үшін емес, күннен қорғану мақсатында жасалған.
Керемет!Уау!Круто!????
Мысыр нешеге бөлінді
2ге бөлінді. жоғарғы иөменгі деп.
Күшті !
Добрый вечер
Жаман емес