Музыка туралы қызықты мәліметтер

Әр адамның өмірі музыкамен немесе дыбыстармен байланысты. Музыка әлемдегі ең таңғажайып заттардың бірі болып табылады. Ол туралы деректер білгіңіз келсе, төмендегі мақаланы оқыңыз.

туралы

Ұқсас: Жүрек туралы қызықты мәліметтер

Музыка жайлы 25 мәлімет

  1. Музыканың әсерінен гүл тез өседі.
  2. Біздің жүрегіміз, тыңдап отырған музыканың ырғағымен бірдей соғады.
  3. Спортпен шұғылдану кезінде музыка тыңдау, төзімділікті арттырады.
  4. Әйгілі Биттлз тобының әншілері, бірде-бір музыкалық нота білмеген.
  5. Warner Brothers компаниясы, «Happy Birthday» әнінің авторлық құқығына ие болуы себебінен, бір жылда 2 миллион доллар ақша табады.
  6. 1991 жылы Бразиялида «A-ha» тобының концертіне 195 мың адам жиналды. Бұл әлем рекорды.
  7. Жауапсыз махаббат кезінде музыканы тыңдау ұсынылады, бұл теріс эмоциялармен күресуге көмектеседі.
  8. Metallica тобының орындаушылары – барлық материктерде ойнаған жалғыз музыканттар. Антарктикадағы концерттен кейін Гиннес кітабына енгізілді.
  9. Электрогитараны ойлап тапқан Лео Фендер, гитарада мүлдем ойнау білмеген.
  10. Зерттеуге сәйкес, рок жанрының әншілері ерте қайтыс болады.
  11. Американдық рэп орындаушы NoClue, Гиннесс кітабына әлемдегі ең жылдам рэпер ретінде енді – ол 51,27 секундта 723 сөз оқи алады.
  12. Психологтардың пікірінше, музыка өз мақсаттарына қол жеткізуге және өз-өзіне сенімділікті арттыруға көмектеседі.
  13. Музыканттардың есту қабілеті, музыкамен әуестенбейтін адамдарға қарағанда жоғары.
  14. Музыкалық әлемнің сөзсіз бестселлері «White Christmas» деп аталатын ән. 1942 жылы оның 50 миллионнан астам данасы сатылды.
  15. Атақты композитор Лювиг ван Бетховен, музыка шығару алдында басын салқын суға салып отырған.
  16. «Музыка» сөзі, бізге ежелгі гректерден келді.
  17. Саксофонды 1841 жылы Парижде бельгиялық шебер А.Сакс жасады. Соның құрметіне бұл аспапты саксофон деп атады.
  18. «Психоанализдің атасы» Зигмунд Фрейд музыканы жек көрді. Ол тіпті қарындасының фортепианосін үйден шығарып тастады.
  19. Музыканы қосып қойсаңыз, сиыр көбірек сүт береді.
  20. Әлемдегі ең қымбат гитара Fender Stratocaster, қайырылымдылық аукционында 2,8 миллион доллар ақшаға сатылп кетті.
  21. Америка Құрама Штаттарында, үйлену тойының ең танымал әні Уитни Хьюстонның «Мен сені әрдайым жақсы көремін». Ал Ұлыбританияда бұл ән жерлеу кезінде қойылады.
  22. Бетховен көбейту білмеген.
  23. Ежелгі Египетте музыканың көмегімен жүйке аурулары және ұйықысыздық емделген.
  24. Музыкалық әуен сәбилерге оң әсерін тигізеді. Музыка – жылап жатқан нәрестені тыныштандыруға арналған жақсы амал.
  25. Ырғақ сезімі бізде ғана емес, сонымен қатар ол тотықұс, піл және шимпанзеде бар екені анықталды.

Ұқсас: Ғарыш туралы қызықты мәліметтер