Мұғалжар тауы туралы мәлімет
Мұғалжар — Орал тауларының Қазақстандағы оңтүстік сілемі. Ол Ақтөбе облысының аумағында орналасқан.
Таудың ұзындығы 400 км, ал ені шамамен 200 км. Ең биік шыңы — Бақтыбай (657 м). Біршоғыр ойпаты Мұғалжарды — Батыс және Шығыс жотаға бөледі.
Ор, Ембі, Ырғыз, Тобыл, Талды өзендері Мұғалжардан бастау алады. Бірақ олардың көпшілігі қар суымен қоректенеді, сондықтан жазда құрғап қалады. Жер қабығының жарықтарында 7000 млрд текше метр тұщы су қоры жиналған. Жергілікті халық, оны ауыз суы ретінде және шаруашылық қажеттіліктері үшін пайдаланады.
Климат құрғақ. Жазда температура 38 градусқа дейін көтеріледі, ал қыста 40-42 градусқа дейін төмендейді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 мм. Тау жүйесінің биіктігі шамалы болғанымен, ол ауа айналымына кедергі келтіріп, жауын-шашынның жиі болуына ықпал етеді.
Фаунасы дала және шөлді аумақтарда мекендейтін жануарлардан тұрады. Мұнда ақбөкен, қабан, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, тиін, соқыртышқан тіршілік етеді. Өзендерінде аққу, қаз және үйрек сияқты құстарды кездестіруге болады.
Мұғалжар тауларының Кемпірсай кенді алқабында никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек ұшырасатын металдар өндіріледі. Ал, 2010 жылы таудың маңында қиыршық тас шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Сондай-ақ, оңтүстік бөлігіндегі құмынан шыны жасалады.
Археологтар таудың аумағынан палеолит дәуіріндегі ежелгі адамдардың бірнеше ондаған қоныс орындарын тапты. Зерттеу барысында көптеген жәдігерлер табылды: тас қырғыштар, қашаулар және т.б. құралдар.
Ұқсас: Алтай тауы туралы мәлімет
Жер жаннаты мұғалжар тауы,өңірі мен үшін
Кушти рахмет
Өте ризамын
Керемет
ОТе жаксы малметтер ,бiрак сурак бар алтын барма осы тауда?
Алтын жок шгар