Менің өмірімдегі ең қымбат адамым (эссе)

Мен үшін дүниедегі ең қымбат жан – ол менің анам. Оған деген сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын. «Анашым» деген сөзді айтқан кезде, жүрегім ғажайып, теңдесі жоқ сезімге толады.

Анаммен кез-келген уақытта, әртүрлі тақырыптарда сырласа аламын. Ол әрқашан мені тыңдап, қолдау көрсетеді. Кейде арамызда келіспеушілік туындап қалады, бірақ біз тез татуласып кетеміз. Анамды ренжіткім келмейді, сондықтан бірінші болып кешірім сұрап, достасуға шақырамын.

Баланың ең бірінші айтатын сөзі – ол «мама». Ана мен баланың арасындағы махаббат ерекше болады, бұл сүйіспеншілік өмір бойы жалғасып, ешқашан жүректен кетпейді. Ол қиын жағдайда әрқашан қасыннан табылып, өмірдің барлық қиындықтарын жеңуге көмектеседі. Менің жетістіктеріме өзімнен артық қуанады.

Мен мектеп оқушысы болғандықтан, әке-шешемнің қамқорлығындамын. Қазіргі уақытта, олар мені тәрбиелеп, киіндіріп, тамақтандырып отыр. Бірақ, анам зейнеткерлікке шыққан соң, оны күтетін боламын. Маған жасаған жақсылықтың барлығын қайтаруға тырысып, ата-анамның разылығын алу үшін бар күшімді саламын.

Аналарымызға ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық тілеп, ренжітпеуге тырысайық!

Ұқсас: Менің әжем туралы шығарма (эссе)