Менің сүйікті қалам (эссе)

Әлемде әдемі қалалар көп, бірақ менің ең сүйікті қалам – ол Алматы. Ең мейірімді және қонақжай адамдар осында тұрады.

Алматы 2 миллионнан астам тұрғыны бар ірі мегаполис. Іле Алатауының етегінде орналасқан. Көшелері кең әрі таза. Үйлері биік. Көктемде бәрі құлпырып тұрғанда Алматы ерекше көрікті. Ол республиканың әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы болып саналады.

Қалада түрлі бағыттағы көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындары жеткілікті. Театрлар, мұражайлар, концерттік залдар мен кітапханалардың көптігі соншалық, елордамыз Астанадан асып түсетін шығар.

Бізге басқа облыстардан қонақтар келгенде, оларды Көктөбеге апарамыз. Бұл төбеден қала алақандағыдай көрінеді. Шымбұлақ шаңғы базасы – Алматының тағы бір көрікті жері. Аспалы жолдың көмегімен Талғар шыңына жылдам шығуға болады.

Мен қысқы мерзімде міндетті түрде Медеу мұз айдынына барып, коньки тебемін. Бұл – қаланың ең көрікті жерлерінің жері, ол теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан.

Ұқсас: Алматы метрополитені туралы мәлімет