Махамбет Өтемісұлы туралы мәлімет

Махамбет — қазақ елінің тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі. Бостандық пен еркіндікті сүйген ақын, өз халқы үшін жанын пида етті. Ақындық өнерімен ғана емес, сонымен бірге рухани қасиеттерімен, даналығымен, батылдығымен және адамгершілігімен көпшілікке танымал болған.

.jpg

Өмірбаяны

Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Бөкей ордасындағы Бекетай ауданында дүниеге келген. Бала кезінен бастап, өлең шығаруды ұнатқан. 16 жасында Беріш руының үздік ақыны деп танылды. Ол тәжірибелі ақындарды оңай жеңіп, тез арада өз тұқымының мақтанышына айналды.

Махамбеттің халық арасындағы беделі көтеріліп келе жатқаның байқаған Жәңгір хан, оны өз еркіне бағындырғысы келді. Бірақ, азатшыл ақын, оған бойсұнбады. 1829-1830 жылдары қалалық түрмеге қамауда болды. Абақтыдан босатылған соң, Исатай Тайманұлымен бірігіп, хандық биліккее қарсы көтерілісті бастады.

Көтерілісшілер, 1836 жылы сұлтандар мен билердің ауылдарына шабуылдар жасап, олардың жерлерін тартып алды. Каспий маңындағы барлық ру-тайпалар Исатайдың қол астына өткеннен кейін, Исатай мен Махамбет дербес билік құратынын мәлімдеді. Көп ұзамай, көтеріліс бүкіл Ордаға таралып кетті.

Екі жылға созылған күрестен кейін, Исатай Тайманұлы шайқаста көз жұмып, қарулы көтеріліс жеңіліске ұшырады. Досынан айырылған Махамбет, Бөкей ордасына жасырын түрде қайтып келіп, халықты ханға қарсы күресті жалғастыруға шақырды. Алайда, оның бұл әрекеті сәтсіз аяқталды.

Ол өмірінің соңғы жылдарын ауылда өткізді. 1846 жылы патша үкіметі жіберген қарулы жасақтың қолынан қаза болды. Ақын мұра ретінде, жүздеген өлең қалдырды. Оның шығармаларын Шернияз, Бекет, Мұрат, Лұқпан сияқты ақындар кейінгі ұрпаққа жеткізген.

Махамбет өз поэзиясында — халқына және жеріне деген сүйіспеншілікті көрсетеді. Ол кедейлікке ұшыраған қазақ шаруаларының өмірі мен көңіл-күйін бейнелейді. Өз жерлерінен айырылған және өмір сүруге жарамсыз жерлерге қоныс аударылған адамдардың тағдыры туралы айтады. Батырдың әндері халықтың рухын көтерген, азаттық пен әділеттілікке қол жеткізуге итермелеген.