Мәдениетті адам – мәдениетті қоғам кепілі (эссе)

.jpg

Шағын шығарма

Мәдениетті адам қандай болады? Бұндай адам этикет ережелерін ұстанады, айналасындағы адамдармен сыпайы және сауатты сөйлеседі. Қандай ортада болса да, өзінің сабырлығымен және әдептілігімен көзге түседі. Өз қателіктерін мойындай алады және кешірім сұрауға ұялмайды. Ол – жанашыр, көмек сұрағандардың бетін қайтармайды. Сондықтан, қоғамда оны құрметтейді және ондай адаммен барлығы дос болғысы келеді.

Менің ойымша, мәдениеттілік ең алдымен адамның ішкі жан дүниесінен басталады. Оның жаны мен ойы таза болса, онда қылықтары да дұрыс болады. Қоршаған орта – істеген қылықтарына қарап, сізге баға береді. Сондықтан, жасаған іс-әрекеттерімен басқаларға үлгі болу керек. Бірақ, игі істерді өз абыройын көтеру үшін емес, қоғамға пайда әкелу мақсатында жасаған абзал.

Бұл адамдар өз халқының салт-дәстүрлерін терең түсінеді және сақтауға тырысады. Ол ешқашан ескерткіштерді бұзып, кітаптарды өртемейді. Керісінше, қорғап қалуға ұмтылады. Мемлекетіміздің болашағы осындай кісілердің қолында. Қоғамның дамуы – мәдениетті адамдардың көбеюіне байланысты деп ойлаймын.

Ұқсас: Тәрбие, бала туралы мақал-мәтелдер