Логикалық тапсырмалар (балаларға арналған)
Логикалық тапсырмалар — бұл балаларға қоршаған әлемді танып білуге көмектесетін керемет құрал. Мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының миын дамытуға арналған қызықты жаттығуларды ұсынамыз.
Аян мен Айбек, үйдің кір және қараңғы бөлмесінде ойнап жатты. Бөлмеден шыққан кезде, Аянның беті кір, ал Айбектікі таза болды. Бірақ, жуынуға Айбек ғана кетті. Неге?
Айбек Аянның беті кір екендігін көрген соң, оның беті де кір екен деп жуынуға кетті. Ал, Аян Айбектің таза бетін көріп, керісінше ойлады.
Жолда екі күзетші тұр. Біреуі жолдың ар жағына, ал екіншісі керісінше қарап тұр. Бірақ екеуі бір-бірін көреді. Қалай?
Екеуі қарама-қарсы бағытты аңдып тұрғанымен, олар бір-біріне арқамен емес, бетпен қарап тұр.
Бір адам, досына суретте бейнеленген адамды көрсетіп, мынандай сұрақ қойды: «менің ағам да, інім де, қарындасым да жоқ. Бірақ мына адамның әкесі, менің әкемнің ұлы болған. Бұл кім?»
Суретте осы адамның ұлы бейнеленген.
Ер адам төсекте көп уақыт бойы ұйықтай алмай жатты. Содаң соң ол телефонды алып, біреуге қоңырау шалды. 2 гудоктан кейін телефонды тастап, тез ұйықтап қалды. Ол кімге қоңырау шалды?
Келесі бөлмеде көршісі қорылдап жатты. Сол адамды телефонның дыбысымен оятты.
Кеңес үкіметінің басшылығы, сыпырғыштардың ұзындығын қысқарту туралы жарлық шығарған. Неге?
Өйткені, жұмыскерлер сыпырғышқа сүйеніп тұруды жақсы көрген.
Отта жанбайтын, суға бастпайдын зат.
Мұз.
Жасыл адамды көрген кезде не істеу керек?
Жолды өту керек. Бұл бағдаршамдағы сурет.
10 метрлік баспалдақтан секіріп, қалай аман қалуға болады?
Ең төменгі баспалдақтан секіру керек.
Жанып тұрған жеті шамның екеуі өшіп қалды. Неше шам қалды?
7.
Егер сіз оның атын атайтын болсаңыз, ол жоғалып кетеді. Ол не?
Тыныштық.
Қайың ағашында 90 алма өсіп тұрды. Жел соғып, 10 алма жерге түсіп қалды. Ағашта неше алма өсіп тұр.
Қайыңда алмалар өспейді.
Ақ аюлар неліктен пингвиндерді жемейді?
Себебі ақ аюлар Солтүстік полюсте, ал пингвиндер оңтүстікте өмір сүреді.
Маладец
Қызық сұрақтар😃😃😃😆😆🥰🥰💜💜
кушти
оте жаксы есептер
Оте Кызык сурактар. Маган Барлыгы унады.
1111111111111
Иа маған ұнады
Кушти
Күшті
оте кушти маган унады катты
маган оте катты унады рахмет коп коп
Тамаша өте керемет 👍
Бәрін өзім жауап бердім. Жауап жоқ.
Маған ұнады
Маған ұнады қызық екен🥰👍🇰🇿
сіздің атыңыз неге Аааааааа
өте керемет сұрақтар жауап беру өте қиын
Сұрақ өте үлкен Бірақ дәуууу